Б ір білікті буындар
Цилиндртәрізді буын
, articulatio trochoidea,
буындасатын бір сүйектің буындық
беті дөңес, екіншісінің буындық беті ойыс болып, екеуінің де пішіні цилиндр тәрізді
болады. Цилиндр тәрізді буындарға ауыз омыртқа-біліктік орталық буын, кәрі-шынтақ
жіліктік проксималды және дисталды буындар жатады. Бұл буындарда қимыл
вертикалды білік бойынша - айналу, rotatio, түрінде жүреді, сонымен қатар сүйектердің
бойлық бағыты бойынша жылжуы мүмкін.
Шығыршықтәрізді буын
, ginglymus
, цилиндртәрізді буынға ұқсас, вертикалды
емес горизонталды орналасқан, буындық басында қыршасы, ал буындық ойысында –
сәйкес жүлгесі болады. Қырша мен жүлге қозғалыс кезінде сүйектердің бүйірлік
жылжуларына жол бермейді. Буынның бұл түрінде қимыл фронталды білік
айналасында – flexio және extensio түрінде іске асады. Оларға бунақаралық және
бақайшақаралық буындар жатады.
Шығыршықтәрізді буындық беттердегі қырша мен жүлге қиғаш орналасса бұл
буын
винттәрізді буын
деп аталады. Бұл буында да қозғалыс фронталды білік
айналасында жүреді (тоқпан-шынтақ жілік буыны).
Достарыңызбен бөлісу: |