Әрбір екі омыртқаның арасындағы қимыл өте шектеулі болады, себебі олар өзара
үздіксіз (синдесмоз, синхондроз, синостоз - сегізкөзде), симфиз және жалпақ буындар
арқылы байланысқан. Бірақ, әрбір омыртқаның арасындағы аз көлемдегі қимылдар бір-
бірімен қосылып, омыртқа бағанасында ауқымды қозғалыстар туғызады.
Омыртқа бағанасының мойындық бөлігі ең қозғалмалы, ал кеуделік бөлігі
қабырғалармен байланысуына байланысты аз қозғалысты болып табылады. Омыртқа
бағанасында фронталды білік айналасында бүгу және жазу (еңкею және шалқаю - 170-
245° шамасында), сагитталды білік бойынша әкету және әкелу (оң және сол жаққа
еңкею, иілу – 55-165° аралығында), вертикалды білік бойынша айналу (оң және сол
93
жаққа бұрылу – 90-120° шамасында) және шеңбер бойынша қозғалу (circumductio)
қимылдары іске асады.