Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет60/309
Дата23.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#129671
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   309
Байланысты:
Dosaev Anatomia

Кеуде торының қозғалысы 
 
Кеуде  торы  тыныс  алу  кезінде  қабырғалардың  буындарындағы  қозғалыстарға 
байланысты өзінің көлемін өзгертіп отырады. Қабырға-омыртқалық екі буында оларға 
ортақ  білік  буындардың  орталықтары  арқылы  өтеді.  Бұл  үйлесімді  екі  буында 
қабырғалар сыртқа айналғанда олардың алдыңғы шеттері төспен бірге көтеріліп, тыныс 
алу  кезінде  кеуде  торының  көлемін  үлкейтеді.  Тыныс  шығару  кезінде,  керісінше, 
қабырғалар ішке айналып төс түседі де, кеуде торы кішірейеді. Қабырғалардың төмен 
түсуіне  бұлшықеттердің  жиырылуы  ғана  емес,  қабырға  шеміршектерінің, 
жарғақтардың,  байламдардың  серпімділігі  де  әсер  етеді.  Қартаң  жастарда  қабырға 
шеміршектерінің, 
қабырғааралық 
жарғақтардың, 
байламдардың 
ізбестенуіне 
(кальциноздануына)  байланысты  олардың  серпімділігі  азаяды,  бұл  кеуде  торының 
қозғалысын төмендетеді.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   309




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет