Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


Кеуде торының қосылыстары



Pdf көрінісі
бет59/309
Дата23.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#129671
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   309
Байланысты:
Dosaev Anatomia

Кеуде торының қосылыстары 
 
Кеуде  торы:  қабырғалардың омыртқа  бағанасымен,  қабырғалардың  төспен  өзара 
қосылыстары арқылы түзіледі. 
 
Қабырғалардың омыртқа бағанасымен қосылыстары 
 
Қабырғалар  омыртқалармен  қабырға-омыртқалық  буындар, 
articulationes 
costovertebrales,
 арқылы қосылады. Бұл буындарға екі буын жатады:  қабырға басының 
буыны және қабырға-көлденеңдік буын. 
Қабырға  басының  буынын, 
articulatio  capitis  costae,
  қабырға  басының  буындық 
беті  мен  екі  көршілес  кеуде  омыртқаларының  жоғарғы  және  төменгі  қабырғалық 
шұңқырлары түзеді. Буын қапшығы буындық беттердің жиектеріне бекиді. Буында екі 
байлам  бар.  ІІ-Х  қабырғалар  құрайтын  буындарда 
қабырға  басының  буынішілік  
байламы,  lig.  capitis  costae  intraarticulare,
  орналасқан.  Ол  қабырға  басының  қырынан 
омыртқааралық  дискке  жүріп,  буын  қуысын  екі  бөлікке  бөледі.  Буынды  сыртынан 
қабырға басының тарамдалған байламы, lig. capitis costae radiatum,
 бекітіп тұрады. Бұл 
байламның  талшықтары  қабырғаның  басын    алдыңғы  жағынан  көршілес  екі 
омыртқаның денелерімен және омыртқааралық дискпен байланыстырады. 
І, ХІ және ХІІ қабырғалардың бастары тек бір омыртқаның денесімен қосылады, 
осыған орай олардың басында қырлары жоқ және буынішілік байламдары болмайды. 
Қабырға-көлденеңдік  буын, 
articulatio  costotransversaria
,  І-Х  қабырғалар 
төмпешіктерінің  буындық  беттері  мен  омыртқалардың  көлденең  өсінділерінің 
қабырғалық шұңқырларының қосылыстары арқылы құралған. Буын қапшығы буындық 
беттердің 
жиектеріне 
бекиді. 
Буынды 
қабырға-көлденеңдік 
байлам, 
lig. 
costotransversarium,
 бекітіп тұрады. 
Қабырға-көлденеңдік  буындар  пішіні  бойынша  жалпақ,  конгруэнтті,  қызметі 
жағынан  үйлесімді  болады.  Қабырғалар  ішке  қарай  айналғанда  олардың  алдыңғы 
шеттері төспен бірге төмен түседі, ал сыртқа айналғанда алдыңғы шеттері төспен бірге 
көтеріледі. 


94 
 
Төс-қабырғалық буындар, 
articulationes sternocostales
, төстің қабырғалық тіліктері 
мен  ІІ-ҮІІ  қабырғалардың  шеміршектері  арқылы  түзілген.  Буындардың  қуыстары 
вертикалды  орналасқан  жіңішке  саңылаулар  түрінде  болады,  ІІ  және  ІІІ  буындардың 
қуысында 
төс-қабырғалық  буынішілік  байлам,  lig.  sternocostale  intraarticulare,
 
орналасады. Буындардың қапшығын қабырға шеміршектерінің шеміршектік қабықтары 
түзеді.  Буындардың  алдыңғы  және  артқы  беттерінде  жақсы  дамыған 
төс-қабырғалық 
тарамдалған  байламдар,  ligg.  sternocostalia  radiate,
  жатады.  Бұл  байламдар  төстің 
алдыңғы бетінде жақсы дамып – 
төс жарғағы, membrana sterni,
 деп аталады. 
І  қабырғаның  шеміршегі  төспен  синхондроз  арқылы  қосылады.  ҮІІІ,  ІХ  және  Х 
сүбе  қабырғалардың,  ал  кейде  ҮІ  және  ҮІІ  қабырғалардың  шеміршектері  бір-бірімен 
қосылады.  Қабырға  шеміршектерінің  бұл  қосылыстары  синхондроздар  немесе 
шеміршекаралық буындар, articulationes interchondrales,
 түрінде болады. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   309




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет