Сегізкөз және құйымшақ қосылыстары
Сегізкөздің Ү омыртқасы мен І құйымшақ омыртқасының денелері сегізкөз-
құйымшақ буынын
, art. sacrococcygea,
түзеді. Осы екі омыртқаның арасындағы
discus
intervertebralis
-те көп жағдайда қуыс кездеседі. Сегізкөз бен құйымшақтың мүйіздері
синдесмоз арқылы жалғасқан.
Бұл буынды
сегізкөз-құйымшақтық латералды байлам; сегізкөз-құйымшақтық
алдыңғы байлам; сегізкөз-құйымшақтық артқы беткей байлам; сегізкөз-
құйымшақтық артқы терең байламдар
бекітіп тұрады.
Омыртқа бағанасының бассүйекпен қосылысы
Бұл жерде бір-бірімен тығыз байланысты үш: ауыз омыртқа-шүйде, ауыз
омыртқа-біліктік ортаңғы және ауыз омыртқа-біліктік латералды буындар орналасқан.
Ауыз омыртқа-шүйде буыны,
art. atlantоoccipitalis,
жұп, айдаршықты, екі білікті
және үйлесімді буын. Буынды шүйде сүйектің айдаршықтары мен ауыз омыртқаның
жоғарғы буындық беттері түзеді. Буын қапшығы буындық беттердің жиектеріне бекиді.
Шүйде сүйек пен ауыз омыртқаның арасында
ауыз омыртқа-шүйделік алдыңғы
жарғақ, art. atlantoccipitalis anterior,
және
ауыз омыртқа-шүйделік артқы жарғақ, art.
atlantoccipitalis posterior,
орналасады. Бұл буында фронталды білік айналасында еңкею
және шалқаю, сагитталды білік бойынша әкету және әкелу қимылдары іске асады.
90
Ауыз омыртқа-біліктік ортаңғы буын,
art. atlantoaxialis
mediana,
ауыз
омыртқаның алдыңғы доғасының артындағы тістік шұңқыр мен біліктік омыртқа
тісінің алдыңғы буындық бетінің арасында және тістің артқы буындық беті мен
көлденең байламның буындық бетінің аралығында орналасқан. Яғни буынның жеке екі
қуысы болады, пішіні бойынша цилиндр тәрізді (бір білікті), вертикалды білік бойынша
басты оңға және солға айналдыру қызметі жүзеге асады. Ауыз омыртқаның тістің
айналасындағы қозғалысы бассүйекпен бірге жүреді.
Ауыз омыртқа-біліктік латералды буын,
art. atlantoaxialis
lateralis,
жұп, ортаңғы
буынмен бірге (үш буын) үйлесімді буындар болып табылады. Бұл буын ауыз
омыртқаның төменгі буындық беттері мен біліктік омыртқаның жоғарғы буындық
беттерінен түзілген. Пішіні бойыншы жалпақ буын. Үш буын бірнеше байламдармен
бекиді.
Ауыз омыртқаның көлденең байламы, lig. transversum atlantis,
І мойын
омыртқасының латералды массаларының аралығында тартылған. Ол біліктік
омыртқаның тісін ауыз омыртқаның алдыңғы доғасына тақап ұстап тұрады. Байламның
ортасынан жоғары және төмен қарай
бойлық будалар, fasciculi longitudinales,
деп
аталатын екі байлам кетеді. Жоғарғы буда шүйде сүйектің үлкен тесігінің алдыңғы
жиегіне, төменгісі – біліктік омыртқа денесінің артқы бетіне бекиді. Көлденең байлам
және бойлық будаларды
ауыз омыртқаның кресттәрізді байламы, lig. cruciforme
atlantis,
деп атайды. Крестәрізді байламның астында (алдында) екі байлам жатады.
Тіс
ұшының байламы, lig. apicis dentis,
тіс ұшы мен үлкен тесіктің алдыңғы жиегіне бекиді.
Жұп,
қанаттәрізді байламдар, ligg. аlaria,
тістің бүйір беттерінен басталып, шүйде
айдаршықтарының медиалды беттеріне бекиді. Аталған байламдар артқы жағынан
артқы бойлық байламның жалғасы болып табылатын –
жамылғы жарғақпен, membrana
tectoria,
жабылған. Бұл жарғақ жоғарғы жағында үлкен тесік арқылы өтіп, ылдида
аяқталады, ал біліктік омыртқаның денесінен төмен қарай артқы бойлық байламға
жалғасады.
Ауыз омыртқа-біліктік ортаңғы және латералды буындарда вертикалды білік
бойынша басты оңға және солға бұру (айналдыру) қозғалыстары жүргізіледі, бұл кезде
бас ауыз омыртқамен бірге қозғалады.
|