Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


Омыртқа бағанасының рентгенанатомиясы



Pdf көрінісі
бет57/309
Дата23.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#129671
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   309
Байланысты:
Dosaev Anatomia

Омыртқа бағанасының рентгенанатомиясы 
 
Омыртқа бағанасының рентгенографиясы әдетте артқы және бүйір проекцияларда 
түсіріледі.  Артқа  проекцияда  омыртқа  денелері  төртбұрышты  көлеңке,  ал  олардың 
араларындағы  шеміршектік  дисктер  жарық  кеңістіктер  түрінде  айқын  көрінеді. 
Омыртқа  денелерінің  аздап  жіңішкірген  ортаңғы  бөлігі  «омыртқа  белі»  деп  аталады. 
Омыртқа  белі  әсіресе  бел  омыртқаларында  анық  білінеді.  Омыртқа  доғасы  көлденең 
көлеңке түрінде омыртқа денесінің көлеңкесіне қабаттасады. Көлденең және қылқанды 
өсінділер ажыратылады. Қылқанды өсінділер тамшы түрінде көрініп тұрады. Жоғарғы 
және  төменгі  буындық  өсінділер  бір-біріне,  ал  қабырға  басы  мен  мойны  көлденең 
өсінділерге  қабаттасып,  нашар  ажыратылады.  Ауыз  омыртқа  мен  біліктік  омыртқа 
оларға төменгі жақсүйектің қабаттасуына байланысты артқы (түзу) проекцияда әдетте 
анықталмайды. 
Бүйірлік  проекциядағы  рентгенограммаларда  ауыз  омыртқаның  алдыңғы,  артқы 
доғалары,  біліктік  омыртқаның  тісі,  омыртқалардың  денелері,  доғалары,  буындық, 
қылқанды өсінділері, омыртқааралық тесіктері анықталады. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   309




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет