Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет51/309
Дата23.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#129671
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   309
Байланысты:
Dosaev Anatomia

Екі білікті буындар
 
 
Эллипстәрізді  буын

articulatio  ellipsoidea,
  инконгруэнтті,  эллипс  кесіндісі 
сияқты  буындық  шұңқыр  мен  буындық  бастан  түзілген.  Бұл  буында  сагитталды  білік 
айналасында  –  әкелу  және  әкету,  фронталды  білік  бойында  –  бүгу  және  жазу 
қимылдары іске асады. Мысалы, кәрі жілік-білезік буыны. 


86 
 
Ертоқымтәрізді  буын

articulatio  sellaris,
  буындық  беттердің  пішіні  ертоқымға 
ұқсас,  біреуі  дөңес,  екіншісі  ойыс  болып  келеді.  Буынның  осы  пішіні  бас  бармақтың 
білезік-алақан  сүйек  буынында  кездеседі.  Фронталды  білік  айналасында  бүгу  және 
жазу, сагитталды білік бойында әкелу және әкету қозғалыстары жүзеге асады. 
Айдаршықты  буын

articulatio  bicondylaris,
  буындық  беттердің  біреуін 
айдаршықтар  түзеді,  мысалы,  тізе  буынында  буындық  беттерді  бір  жағынан  ортан 
жіліктің  айдаршықтары  түзсе,  ал  ауыз  омыртқа-шүйде  буынында  шүйде  сүйектің 
айдаршықтары  құрайды.  Бұл  буындардағы  біліктің  біреуі  әрқашанда  фронталды 
болады, ал екіншісі вертикалды немесе сагитталды біліктер болып келеді. Мысалы, тізе 
буынындағы  қимылдар  фронталды,  вертикалды  біліктер  айналасында,  ал  ауыз 
омыртқа-шүйде буынында фронталды, сагитталды біліктер бойынша іске асады. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   309




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет