Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет68/309
Дата23.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#129671
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   309
Байланысты:
Dosaev Anatomia

 
 
 
 


105 
 
Аяқ сүйектерінің қосылыстары 
 
Аяқ белдеуі сүйектерінің қосылыстары 
 
Жамбас  сүйектері  сегізкөзбен  және  өзара  үздікті,  үздіксіз  және  симфиз  арқылы 
қосылады.  Аяқ  белдеуінің  буындары  тіректік  қызметіне    орай  аз  қозғалысты  болып 
келеді. 
Сегізкөз-мықын  буыны
,  articulatio  sacroiliaca, 
сегізкөз  бен  мықын  сүйектерінің 
құлақтәрізді  буындық  беттерінен  түзілген.  Пішіні  бойынша  жалпақ,  қозғалысы  жоқ 
дерлік  буындарға  жатады.  Буын  қапшығы  тығыз  тартылып,  буындық  беттердің 
жиектеріне  бекиді.  Буынды  алдыңғы  жағынан  буын  қапшығымен  бітісіп  кеткен 
сегізкөз-мықындық  алдыңғы  байламдар,  ligg.  sacroiliaca  anteriora, 
бекітеді.  Буынның 
артқы  бетінде 
сегізкөз-мықындық  артқы  байламдар,  ligg.  sacroiliaca  posteriora, 
орналасқан. 
Артқы 
байламдардың 
астында, 
сегізкөздік 
және 
мықындық 
бұдырмақтардың  аралығында,  буын  қапшығымен  тұтасқан,  осы  буынның  ең  мықты 
байламдары  – 
сегізкөз-мықындық  сүйекаралық  байламдар,  ligg.  sacroiliaca  interossea, 
жатады.  Буынды  нығайтуға,  төртінші  және  бесінші  бел  омыртқаларының  көлденең 
өсінділерінен  басталып,  сегізкөздің  латералды  қырына  бекитін 
мықын-белдік  байлам, 
ligg. iliolumbale, 
қатысады. 
Қасаға  симфизі
,  symphisis  pubica, 
орталық  жазықтықта  орналасып,  қасаға 
сүйектерін  өзара  қосады.  Қасаға  сүйектерінің  симфиздік  беттері  әйелдерде  қалыңдау, 
талшықты  шеміршекпен  жабылған.  Олар  бір-бірімен  фиброзды-шеміршекті 
қасағаралық  диск,  discus  interpubicus, 
арқылы  тұтасқан.  Шеміршектің  ішінде  көбінесе 
(әйелдерде жиірек) сагитталды бағытта орналасқан, ішінде синовиалық сұйықтығы бар, 
жіңішке саңылау түріндегі қуыс орналасады (симфиз). Қасаға симфизінің байламдары: 
қасағалық жоғарғы байлам, lig. pubicum superius, 
қасаға сүйектерін симфиздің үстіңгі 
жағында  қосады; 
қасағаның  доғатәрізді  байламы,  lig.  arcuatum  pubis, 
симфиздің 
астында  орналасып,  қасағаастылық  бұрышты  доғалдап  тұрады. 
Қасағаастылық 
бұрышты,  angulus  subpubicus, 
оң  және  сол  жақтағы  қасаға  сүйектерінің  төменгі 
тармақтары  мен  симфиздің  төменгі  жиегі  түзеді.  Әйелдерде  доғаастылық  бұрыш 
кеңдеу,  доғалдау  болып  келеді  де  – 
қасағалық  доға,  arcus  pubis
  деп  аталады. 
Әйелдердегі  қасағааралық  диск  еркектерге  қарағанда  қалыңдау  болады  және  босану 
кезінде симфизде  аздаған қозғалыс болуы мүмкін. 


106 
 
Аяқ  белдеуінде  аталған  қосылыстардан  басқа,  буыннан  біраз  қашықтықта 
орналасқан байламдар мен жарғақ бар. 
Сегізкөз-төмпелік  байлам,  lig.  sacrotuberale,
  шонданай  төмпесінен  басталып, 
сегізкөз бен құйымшақтың латералды жиектеріне бекиді. 
Сегізкөз-қылқандық  байлам,  lig.  sacrospinale, 
шонданай  қылқанын  сегізкөзбен 
және  құйымшақтың  латералды  жиектерімен  қосып,  сегізкөз-төмпелік  байламның 
алдында және жоғары орналасады. Аталған екі байлам 
шонданайлық үлкен және кіші 
тесіктерді, foramen ischiadicum majos et minus, 
шектейді.  
Жапқыш  жарғақ,  membrane  obturatoria, 
аттас  тесікті  жауып  тұрады.  Жапқыш 
жарғақтың жоғарғы жиегі мен қасаға сүйектің жоғарғы тармағының астында  
жапқыш 
өзегі, canalis obturatorius, 
өтеді. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   309




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет