Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


Қолдың еркін бөлігінің буындары



Pdf көрінісі
бет64/309
Дата23.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#129671
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   309
Байланысты:
Dosaev Anatomia

Қолдың еркін бөлігінің буындары 
 
Иық буыны 
 
Иық буынын
, articulatio humeri,
 тоқпан жіліктің басы мен жауырынның буындық 
ойысы  түзеді.  Буындық  ойыстың  жиегін  бойлай,  буындық  беттердің  сәйкестілігін 
(конгруэнттілігін)  ұлғайтатын 
буындық  ернеу,  labrum  glenoidale,
  орналасқан.  Буын  – 
пішіні  бойынша  щартәрізді,  көпбілікті,  буындардың  ішіндегі  ең  қозғалмалысы  болып 
табылады.  Себебі  қосылысатын  буындық  беттердің  айырмашылығы  үлкен 
(инконгруэнтті),  буындық  қапшық  жұқа  және  еркін  бекіген.  Буындық  қапшық 
жауырындағы буындық ойыстың жиегіне және ернеудің сыртқы бетіне, тоқпан жіліктің 
анатомиялық  мойнына  бекиді.  Екі  төмпешік  буын  қуысының  сыртында  жатады. 
Буындық  қапшықты  жоғарғы  жағынан 
құстұмсық-тоқпан  жілік  байламы,  lig. 
coracoacromiale,
  бекітіп  тұрады.  Ол  құстұмсықтәрізді  өсіндінің  негізінен  басталып, 
тоқпан жіліктің анатомиялық мойнының жоғарғы бөлігіне бекиді. Буындық қапшықты 
байламдардан  басқа  жанында  жататын 
mm.  supraspinatus,  infraspinatus,  teres  minor, 
subscapularis,
  бұлшықеттерінің  сіңірлері  де  бекітіп  тұрады.  Бұл  буынның  ерекшелігі 
оның  қуысы  арқылы  иықтың  екі  басты  бұлшықетінің  сіңірі  (tendo  m.  bicipitis  brachii) 
өтеді.  Сіңір, 
төмпешікаралық  синовиалық  қынапқа,  vaqina  synovialis  intertubercularis,
  
жалғасатын  синовиалық  жарғақтың  өсіндісімен  жабылған.  Буындық  қапшықтың 


99 
 
синовиалық  жарғағының  екінші  өсіндісі 
жауырынасты  бұлшықетінің  сіңіріастылық 
қабын,  bursa  subtendinea  m.subscapularis,
  түзеді.  Жиі  жағдайда  буын  мен  аталған 
қаптың қуыстары өзара жалғасып жатады. 
Иық буынында: 1) фронталды білік айналасында – бүгу және жазу; 2) сагитталды 
білік  бойынша  –  әкелу  және  әкету  (горизонталды  деңгейге  дейін,  одан  жоғары 
көтерілуге 
lig.  coracoacromiale
  мүмкіндік  бермейді,  қолдың  горизонталды  деңгейден 
жоғары көтерілуі төс-бұғана буынында іске асады); 3) вертикалды білік айналасында – 
ішке және сыртқа айналу; 4) шеңберлік қозғалыстар  іске  асады.  
Иық буынының қозғалмалы және байламдарының аз болуына байланысты қолдың осы 
буында шығуы жиі байқалады. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   309




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет