Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


Сирақ сүйектерінің қосылыстары



Pdf көрінісі
бет72/309
Дата23.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#129671
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   309
Байланысты:
Dosaev Anatomia

Сирақ сүйектерінің қосылыстары 
 
Асықты  жілік  пен  кіші  жіліктің  проксималды  шеттері  үздікті  қосылыс  – 
асықтыжілік-шыбық  буыны
,  articulatio  tibiofibularis, 
арқылы  байланысқан.  Буынды 
асықты жіліктің кіші жіліктік буындық беті мен кіші жілік басының буындық беттері 
түзеді.  Буын  қапшығы  қатты  тартылып,  буындық  беттердің  жиектеріне  бекиді. 
Буынның  байламдары: 
кіші  жілік  басының  алдыңғы  байламы

lig.  capitis  fibulae 
anterius, 
және
  кіші  жілік  басының  артқы  байламы,  lig.  capitis  fibulae  posterius. 
Буын 
пішіні  бойынша  жалпақ,  көп  білікті,  бірақ  буындық  беттері  көлемдерінің 
айырмашылықтарының аз болуына байланысты қозғалысы өте шектеулі буын. 
Асықты  жілік  пен  кіші  жіліктің  дисталды  шеттері  үздіксіз  – 
жілікаралық 
синдесмоз,  sindesmosis  tibiofibularis,
  арқылы  қосылған.  Синдесмозды  асықты  жіліктің 
кіші жіліктік тілігі мен латералды толарсақтың негізі түзеді. Байламдары: 
жілікаралық 
алдыңғы  және  артқы  байламдар,  ligg.  tibiofibularia  anterius  et  posterius. 
Кейде 
синдесмозға  сирақ-асық  буынының  қуысы  жалғасып  тұрады.  Бұл  жағдайда 
жілікаралық төменгі буын, articulatio tibiofibularis inferior, 
түзіледі. 


113 
 
Сирақтың  сүйекаралық  жарғағы,  membrane  interossea  cruris, 
асықты  жілік  пен 
кіші  жіліктің  margo  interosseus-терінің  аралығында  тартылып  тұрады.  Жарғақтың 
жоғарғы және төменгі бөліктерінде тамырлар мен нервтер өтетін тесіктері бар. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   309




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет