Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


Аяқ басы сүйектерінің қосылыстары



Pdf көрінісі
бет73/309
Дата23.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#129671
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   309
Байланысты:
Dosaev Anatomia

Аяқ басы сүйектерінің қосылыстары 
 
Аяқ  басы  сүйектерінің  қосылыстары:  сирақ-асық  буыны,  тілерсекаралық, 
тілерсек-табан сүйектері және бақайлар қосылыстары деп төрт топқа бөлінеді. 
Сирақ-асық  буыны
,
 
articulatio  talocruralis, 
асықты  жілік  пен  кіші  жіліктің 
дисталды шеттерінің және асық сүйектің буындық беттерінен түзілген. Олар, жоғарғы 
жағынан:  асықты  жіліктің  төменгі  буындық  беті,  медиалды  толарсақ  пен  латералды 
толарсақтың  буындық  беттері;  төменгі  жағынан:  шығыршықтың  жоғарғы,  медиалды 
толарсақтық  және  латералды  толарсақтық  беттері.  Буын  қапшығы  буындық  беттердің 
жиектеріне  бекиді,  бүйір  жақтарынан  қалың  және  қатты  тартылған.  Буынды 
нығайтатын  байламдар  бүйір  жақтарында  орналасқан. 
Медиалды  (дельтатәрізді 
байлам), lig. mediale (deltoideum),
  медиалды толарсақтан басталып, қайықтәрізді, өкше 
және  асық  сүйектерге  барып  бекиді.  Латералды  жағында  үш  байлам  бар. 
Асық-кіші 
жіліктік  алдыңғы  байлам,  lig.  talofibulare  anterius,
  латералды  толарсақтың  алдыңғы 
жиегінен  басталып,  асық  мойнының  латералды  бетіне  бекиді. 
Өкше-кіші  жіліктік 
байлам, lig. calcaneofibulare,
 латералды толарсақ пен өкше сүйектің  латералды бетінің 
аралығында  орналасқан. 
Асық-кіші  жіліктік  артқы  байлам,  lig.  talofibulare  posterius,
 
латералды  толарсақтың  артқы  жиегінен  горизонталды  дерлік  жүріп,  асықтың  артқы 
өсіндісіне бекиді. 
Сирақ-асық  буыны  пішіні  бойынша  шығыршықты,  бір  білікті  буын.  Бұл  буында 
фронталды  біліктің  айналасында  бүгу  (табанға  бүгу)  және  жазу  (cыртқа  бүгу)  іске 
асады (60-70°). 
Тілерсекаралық  қосылыстарға:
  асықастылық,  асық-өкше-қайықтәрізді,  өкше-
текше және сына-қайықтәрізді буындар жатады. 
Асықастылық  буынды
,
 
articulatio  subtalaris, 
өкше  және  асық  сүйектердің  артқы 
буындық  беттері  түзеді.  Буын  қапшығы  буындық  беттердің  жиектеріне  бекиді.  Асық-
өкшелік латералды және медиалды байламдармен бекітілген. 
Асық-өкше-қайықтәрізді  буынды
,
 
articulatio  talocalcaneonavicularis, 
асық  сүйек 
басының  қайықтәрізді  буындық  беті  мен  өкшелік  алдыңғы  және  өкшелік  ортаңғы 


114 
 
буындық  беттері,  өкше  сүйектің  асықтық  алдыңғы  және  асықтық  артқы  буындық 
беттері,  қайықтәрізді  сүйектің  артқы  буындық  беті  түзеді.  Буын  қапшығы  буындық 
беттердің жиегіне бекиді. Буынды бекітетін байламдар: 
асық-қайықтәрізді байлам,
 
lig. 
talonaviculare,
  буынның  жоғарғы  жағында  орналасқан  жалпақ  күшті  байлам  –  асық 
сүйектің мойны мен қайықтәрізді сүйекті байланыстырып тұрады. 
Өкше-қайықтәрізді 
табандық  байлам,
 
lig.  calcaneonaviculare  plantare, 
өкше  сүйектің 
асықтық  тірегінен
 
басталып,  қайықтәрізді  сүйектің  табандық  бетіне  бекиді.  Байлам  асық  сүйектің  басын 
ұстап  тұрады  және  буындық  ойысты  түзуге  қатысады.  Байлам  босап  созылғанда 
асықтың  басы  түсіп,  аяқ  басы  жалпаяды. 
Тілерсектің  қойнауында
 
(sinus  tarsi),
  өте 
мықты,  қатты  керілген 
асық-өкшелік  сүйекаралық  байлам,  lig.  talocalcaneum 
interosseum, 
орналасып, асық пен өкше сүйектерді бекітіп тұрады. 
Асық-өкше-қайықтәрізді 
буын 
пішіні 
бойынша 
шартәрізді 
буындарға 
жатқанымен,  буындағы  қимыл  тек  сагитталды  білік  айналасында  (әкелу,  әкету)  өтеді. 
Бұл  буындағы  қозғалыс  асықастылық  буындағы  қозғалыспен  бірге  жүреді,  яғни  екі 
буын үйлесімді қызмет атқарады. Қозғалыс кезінде асық қозғалмай орнында қалады, ал 
өкше және қайықтәрізді сүйектермен бірге бүкіл аяқ басы қозғалады. Әкелу кезінде аяқ 
басының медиалды жиегі көтеріледі – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   309




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет