Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


2. ТҰҚЫМ ҚУАЛАУДЫҢ ЦИТОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ



Pdf көрінісі
бет11/146
Дата27.01.2022
өлшемі4,14 Mb.
#129990
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   146
Байланысты:
burunbetova genetika neg

23
2. ТҰҚЫМ ҚУАЛАУДЫҢ ЦИТОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
ХІХ екінші жартысында жасушалық теорияның дамуы Мендель 
заңдарын қабылдауға алғышарт болды. Гибридологиялық талдауға 
байланыссыз цитология ядроның тұқым қуалаудағы орнын анықтап 
қойды. 
1855 ж. Р.Вирхов (1821-1902) фундаменталды қағидасын ұсынды 
«Omnis cellula e cellulae», яғни «Кез келген жасуша жасушадан» - деп
қысқа да нұсқа түрде жасуша тек жасушадан жасалатындығын 
айтып кетті. Осы арқылы жасушаның бөлінуі үрдісін – кариокинезді 
немесе митозды ынтамен зерттеу басталып кетті. 
Жасуша – тіршіліктің негізі, яғни ол тірі материяның құрылымды- 
функционалдық байланысының универсалды бірлігі болып табылады. 
Ағылшын ғалымы Роберт Гук 1665 жылы алғаш рет өзі ойлап тапқан 
микроскоп арқылы тоздың (пробка) жұқа кесіндісінен ұсақ ұяшықтар 
көрді, сондықтан осы жылды жасушаны зерттеудің бастамасы деп 
қарауға болды. Ол тоз құрылысының бірдей емес екендігін, оның 
торшаларға ұқсас өте ұсақ қуыстардан тұратындығын анықтады жəне 
сол қуыстарды жасушалар (клетка латын тілінен cellula – ұя, үйшік, 
тор деген мағанадағы сөз) деп атады. Микроскоптардың жетілдірілуі -
не сəйкес өсімдіктер мен жануарлар ағзаларының жасушалық құрылы-
сы туралы  жаңа мəліметтер жинақталды. 1839 жылы Чехословакия 
ғалымы Пуркинье жасуша ішіндегі тірі бөлшектерді айқындау үшін 
цитоплазма
 деген атауды енгізді. Шамамен сол жылдары немістің 
екі ғалымы – ботаник М.Шлейден мен зоолог Т.Шванн жасуша ту-
ралы өздерінің жалпы шолуларын жасады, ол шолулар кейінірек 
жасушалық теория (клеткалық теория)
 деп аталды. Жасушалық тео-
рия бойынша барлық жануарлар мен өсімдіктердің денесі жасушалар-
дан тұрады, жасуша – тіршіліктің негізгі бірлігі.  
Жасушалық теория ХІХ ғасырдағы ең ірі ғылыми жаңалықтары-
ның бірі болып табылады. Сонымен қатар ол тірі табиғаттың 
бəріне ортақ жəне олардың  шығу тегі мен эволюциялық дамуының 
біртұтастығы туралы түсінігіміздің негізі болып табылады. Жасу-
шалық теория ұғымына тек жасушаның құрылымдық бірлігі ғана 
емес, функциялық бірлігі де кіреді. Жасушада тірі ағзаларға тəн бар-
лық ерекшеліктер болады. Жасушалық теория жалпы биологиялық 
мəні бар тұжырымды теориялардың бірі болып есептеледі. Өсімдік-
тер мен жануарлардың сан алуан жасушалары, тіпті бір ағзаның əр-


24
түрлі мүшелерінің жасушаларының өздерінің көлемдері, пішінде рі
ішкі құрылыстары жөнінен бірінен-бірі өзгеше болып келеді, бірақ 
ол жасушалардың бəрінің де бірқатар жалпы ерекшеліктері де бар.  
Жасушаларды зерттеу үшін жарық микроскоптарының көмегімен кө-
руге болатын тұрақты немесе уақытша препараттар пайдаланылады.
Мұндағы жасушалар немесе олардың ұсақ құрылымдары арнау-
лы бояулармен боялады немесе олар боялмаған күйінде зерттеледі. 
Жасушалардың өте ұсақ құрылымдарын зерттеу үшін электрондық 
микроскоп пайдаланылады.
Жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар жасушаларының жал-
пы құрылысы негізінен бірдей.
Жасуша құрылысының жинақы сызбанұсқасында құрамында 
хромосомалары бар ядросы жəне ішінде өзін-өзі ұдайы өндіретін ор-
ганоидтары – митохондриялары мен хлоропластары (өсімдіктерде) 
бар цитоплазмасы болатыны көрсетіледі. 
Олардан басқа, эукариоттар цитоплазмасында əр уақытта тұ рақ-
ты түрде болатын, бірақ өзін-өзі өндіруге қаблетсіз органоидтар да 
болады. Оларға Гольджи аппараты, вакуольдар, лизосомолар жата-
ды. Жануар, өсімдік жəне саңырауқұлақтардың жасушаларының 
принциптік құрылымы бірдей болып келеді. Эукариоттардың жасу-
шаларының жалпы құрылысын 1-суреттен көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет