140
Сонымен, дрозофиланың аталығында бір жұп екі түрлі хромо-
сомадан тұратын
жыныс хромосомалары
(ХУ), ал аналықтарында
(ХХ) бірдей хромосомалардан тұратын
жыныс хромосомалары бола-
ды. Яғни, əр будандасу жыныстық белгісі бойынша талдаушы будан-
дастыру болып табылады: аналықтар тек бір типті Х хромосомалы
гаметалар түзеді. Бұл – гомогаметалы жыныс. Аталықтары екі түрлі:
Х хромосомалы жəне У хромосомалы гаметалар түзеді. Бұл
гете-
рогаметалы жыныс.
Аталық жəне аналықтардың гаметаларының
кездейсоқ үйлесуі əр ұрпақта аналық жəне
аталық дарабастардың
бірдей арақатынасын қамтамасыз етеді.
Қызыл жəне ақ көзді дрозофила шыбындарын будандастырудан
алынған мəліметтерді Т.Морган, w
гені Х хромосомада орналаса-
ды, ал У хромосома генетикалық тұрғыдан инертті немесе w
+
гені
ол хромосомада орналаспайды деген тұжырымдамамен түсіндірді.
Осы тұжырымдаманы келесі (16-сурет А, Б)
сызбанұсқа арқылы
түсіндіруге болады.
Тұқым қуалаудың бұл типі
жыныспен тіркескен белгілердің
тұқым қуалауы немесе
жыныспен тіркесу
деп аталады.
Сонымен,
w гені жыныспен тіркескен, яғни Х-хромосомада
орналасқан. Гетерозиготалы екі Х-хромосомасы бар w w
+
аналықтар,
қызыл көзді болып келеді, яғни w аллелі рецессивті жəне ақ көзділік
белгісін қалыптастырады. Өзінің
жалғыз Х-хромосомасында w
аллелі бар аталықтар ылғида ақ көзді болып келеді, ол У-хромосома
инертті деген тұжырымдаға сəйкес онда қалыпты немесе доминатты
w
+
аллелі болмайды.