тереңдете пайдалануды қажет етеді. Жаратылыстануда мұндай іс-әрекетке
келтірілетін тапсырмалар: мәтінмен берілген есептер, тапсырмалар, сұрақтар,
тәжірибелер т.с.с.
–
оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Оларда
біздің ұлттық ерекшеліктерімізді ескеріп, танымдық және үйретімділік маңызы
болуы қажет болады. Бұлар: логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар.
3-
деңгей: тапсырмалары – эвристикалық танымдық іздену түрінде
орындалатын тапсырмалар:
–
танымдық іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау
барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым
білімдерін (заңдылықтар шығару, анықтамалар, формулаларды жаттау, т.с.с.)
жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін
жаңалық ашуы тиіс. Мұнадай жұмыс – анализ бен синтез, салыстыру арқылы
тақырыптағы негізгі білімді анықтау, қорытындылау, әр түрлі әдіс тәсілдермен
есептер шығару, ребустар, сөзжұмбақтар құрастыру, проблемалық жағдайларды
шешу, дағды қалыптастыруға арналған сұрақтар;
–
өздігімен мысалдар мен есептер, сұрақтар құрастыру және оны өздігімен
шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу,
жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға
берілетін тапсырмалар.
4-
деңгей: шығармашылық деңгей:
–
оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым,
түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, белгілі
бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап
шығуына негізделген: теореманы дәлелдеу, заңдылықтарды мұғалімнің
көмегінсіз қорытып шығару, олимпиадалық тапсырмаларды орындау, өздігінен
тақырыпқа реферат, баяндамалар дайындау.
Бұлардан басқа ең басты нәрсе оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер
дайындау барысында математикалық есептер мен жаттығуларды халықаралық
РІSА, TIMSS зерттеулері тапсырмалары негізінде дайындаудың маңызы зор
болатыны сөзсіз. Осыған байланысты мысал ретінде бірнеше тапсырмалар
қатарын ұсынып отырмыз [13]:
СҮТ
Достарыңызбен бөлісу: