Pisa, timss зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың Ғылыми жаратылыстану сауаттылықтарын дамыту



Pdf көрінісі
бет8/60
Дата10.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#131321
түріУчебно-методическое пособие
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   60
PISA зерттеуіне 
қатысудағы жағымды кезеңдері:
16 



білім беру жүйесінің жағдайын отандық және халықаралық контексте 
талдау мүмкіндігі;

қазақстандық оқушылардың нәтижелерін PISA халықаралық зерттеуіне 
қатысушы елдер оқушыларының көрсеткіштерімен салыстырмалы талдау;

қазақстандық білім беру жүйесінің PISA зерттеуінің халықаралық 
стандарттарына сәйкестігін анықтау;

зерттеу нәтижелері білім беруді жетілдіру бойынша қойылған 
мақсаттардың тиімді жолдарын көрсетуге мүмкіндік беруі.
Қазақстандық оқушылардың 
нәтижелерінің төмен болуының негізгі 
себептері
:
– 
қалыптаспаған тест формасы (оқу үрдісінде біздің оқушыларымыз іс 
жүзінде пәнаралық сипаттағы тапсырмалармен, қоғамдық және жеке 
міндеттерді шешуде оларға оқу қажет болатын өмірлік жағдайлармен, білім 
алушылардың өмірлік қызығушылықтары мен әлеуметтік тәжірибесінен 
алшақтаған тапсырмалармен, арнайы дайындықты, жұмысты қызу орындау 
мерзімін талап ететін жауаптардың бірін таңдау тапсырмалармен жұмыс 
жасамайды);
– 
іскерлік стильдегі мәтіндермен (хабарландырулар, әуе рейстерінің 
кестесімен, жұмысқа қабылдауға арналған сауаланамалармен және т.б.), 
диаграммалардан, кестелерден, сызбалар мен карталардан тұратын мәтіндермен 
жұмыс істей алмаулары;
– 
мектептегі гуманитарлық білімнің диалогтық сипатының жеткіліксіздігі 
және олардың академиялық бағыттылығы (Қазақстан оқушылары құбылыстар 
мен оқиғаларға өздерінің әртүрлі көзқарастарының ара қатынасын белгілеуді, 
өз көзқарасын білдіруді талап ететін тапсырмалардан қиналды).
Ғылыми жаратылыстану сауаттылығы бойынша халықаралық тесті орындау 
нәтижелері мектептік ғылыми жаратылыстану білім беру аймағындағы әлемдік 
жетекші мамандар тұжырымдаған негізгі талаптарға сәйкес келмейтін 
қазақстандық оқушылардың төмен деңгейін де анықтады.
Қазақстанның 15 жастағы оқушылары қарапайым жағдайларда білімін еске 
түсіруге арналған тапсырмаларды жетістікпен орындап, оларды шын өмірге 
жақын жағдайларда қолдануға қиналған.
Жүргізілген ғылыми жаратылыстану зерттеулерінің нәтижелерін талдау 
немесе салыстыруда, ғылыми айғақты пайдаланып өзінің көзқарасын 
дәлелдеуді, алынған қорытындыны растауды немесе жоққа шығаруды талап 
ететін тапсырмалардан оқушылар төмен нәтиже көрсетті. Мектепте алған 
білімдерін пайдаланып, өзінің көзқарасын дәлелдей отырып, ақпаратты сыни 
тұрғыдан бағалау және екі қарама-қарсы қорытындының пайдасына айғақтар 
табу немесе ұсынылған қорытындыларды жоққа шығару оқушыларда өте 
нашар қалыптасқан.
Бұл жолы Қазақстан оқушыларының жобаға қатысу нәтижесі халықаралық 
орта көрсеткіштен төмен екені анықталды. Қазақстандық төртінші сынып 
оқушыларының әлемнің 50 елдері ішінде математикадан орташа көрсеткіші 501 
ұпай, аталмыш көрсеткіш 27 орынға сәйкес және жаратылыстанудан - 495 ұпай, 
17 


32-
орын. Сегізінші сынып оқушыларының 42 қатысушы-мемлекеттер ішінде 
математикадан орташа көрсеткіші 487 ұпайды құрайды, бұл көрсеткіш 17-
орынға сәйкес және жаратылыстану пәндері бойынша - 490 ұпаймен 20-орынды 
иеленді. Сөйтіп сарапшылар еліміздің оқушыларының деңгейін 28-орынға 
қойды.
Халықаралық TIMSS зерттеуінде жаратылыстану құзыреттiлiгінiң үш 
деңгейi қарастырылады: 
білім деңгейi, қолдану деңгейі, тұжырымдау деңгейi.
Білім деңгейі
 
бойынша оқушылардың терминдерді, сандардың қасиеттерін 
еске түсіру арқылы суреттеу; есептеу; график пен кестеден мәліметті алу; 
құралдарды қолдану; жіктеу, жаратылыстану нысандарын тану қабілеттері 
бағаланады [8].
Қолдану деңгейі
 
бойынша нәтижелі шешу тәсілін таңдау; ақпаратты 
көрсету; 
модельдеу; 
тізбек 
тапсырмаларды 
орындау; 
стандартты 
тапсырмаларды орындау қабілеттері бағаланады.
Ойлау деңгейі бойынша нысандардың арасындағы тәуелділікке анализ 
жасау; қорытындылау, әр түрлі шешу жолдарын синтездеу; дұрыс/бұрыс 
айтылғандарды дәлелдеу; стандартты емес тапсырмаларды орындау қабілеттері 
бағаланады.
Бұл зерттеулер қатысушы-елдерге оқушылардың білім жетістіктерінің 
нәтижелеріндегі қозғалысты, білім беру жүйесіндегі болып жатқан өзгерістерді 
бақылауға, жүргізілген реформалардың салдарын анықтауға мүмкіндік береді.
Оқушылардың
ғылыми
жаратылыстану дайындық нәтижелерінің деңгейі 
жетілдірілген, жоғары, орта және төмен болып бөлінеді. Олар келесі 
критерийлер арқылы анықталады:

пәндік білім мен білікті меңгеру мөлшері және тереңдігі;

шешілетін проблемалардың мәнмәтіні (күнделікті өмір немесе ғылыми 
зертеулер);

диаграмма, сызба, кесте түрінде берілген тапсырмалармен жұмыс істеу 
дағдысы;

толық жауап беру.
18 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет