«Суретте парашютистің төрт жердегі бейнесі берілген. 1. Секіру
алдында ұшақтың ішінде. 2. Секіргеннен кейін, парашют ашылардың алдында,
еркін құлау барысында. 3. Парашют ашылғаннан кейін жерге қонғанда. 4.
Жерге қонған сәті. Қай жағдайда парашютистке гравитациялық күш әсер
етеді?»
А. Тек 2 позицияда.
В. Тек 2 және 3 жағдайда.
С. Тек 1, 2, 3 жағдайда.
Д. Барлық жағдайларда.
Қазақстандық 8-сынып оқушылары үшін бұл тапсырма өте қиын болып
шықты, халықаралық орташа нәтижеден 10%-ға төмен көрсеткіш көрсетті.
5-
мысал. «География» саласынан берілген тапсырмалар оқушылардың
логикасын бағалауға арналған.
«
Келесі бес тұжырымдама, су айналымы барысында болатын процестерді
сипаттайды. Судың теңіз бетінен булануы, су айналымының бірінші сатысы
ретінде айқындалады. 2-ден 5-шіге дейінгі тұжырымдамаларды су айналымы
процесінің ретіне сәйкес орналастырыңыз».
2
Су буы жылы ауаға көтеріледі.
5
Су өзенмен теңізге қарай ағады.
1
Су теңіз бетінен буланады.
3
Су буы суиды және бұлтқа айналады.
4
Бұлттар қозғалады, су жер бетіне жаңбыр түрінде түседі.
Біздің 4-сынып оқушыларының көрсеткіші
халықаралық орташа
көрсеткіштен 8%-ға төмен болды.
Халықаралық TIMSS зерттеуде жаратылыстану құзыреттiлiгі бойынша
қазақстандық оқушылар төменгідей үш деңгей бойынша нәтижелерді көрсетті.
Жетік деңгей бойынша – 7 %, оқушылардың жаратылыстану бағытында
жасалатын тәжірибелерден және зерттеулерден
алғашқы мағлұматтары бар,
олардың істелген жұмыстың нәтижелерін бағалау дағдылары қалыптасқан және
ғылыми жаратылыстану саласы пәндерінің мазмұнын өздігінен өзара
байланыстыра алады. Жоғары деңгей бойынша - 28%, ғылыми құбылыстарды
түсіндіру және күнделікті өмірде қолдану қиындық тудырады. Орта деңгей
бойынша - 58%, негізгі білімі мен түсінігін
практикалық жағдайда ғана
пайдалана алады. Төменгі деңгей бойынша - 84% адамның денсаулығына,
жануарлардың мінез-құлық әрекетіне қатысты қарапайым мәліметтерді біледі.
13