Pisa, timss зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың Ғылыми жаратылыстану сауаттылықтарын дамыту



Pdf көрінісі
бет5/60
Дата10.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#131321
түріУчебно-методическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
 
Кейбір
 
сұрақтарда әріппен белгіленген төрт түрлі жауаптың үлгісі 
берілген. Бұл сұрақтарға жауап беру барысында, сіздің ойыңызша дұрыс 
болатын жауаптың тұсындағы әріпті дөңгелекпен белгілеңіз. Мысалы:
1972 жылы Олимпиада ойындары қай қалада өтті?
A. 
Мехико
B. 
Мюнхен
C. 
Лос-Анджелес
D. 
Сидней.
Егер, сіз, жауап беруге қиналсаңыз, онда өзіңіз дұрыс деп ойлаған жауапты 
белгілеңіз.
Ал егер берген жауабыңызды өзгерткіңіз келсе, берген жауабыңызды «Х» 
белгісімен сызыңыз да, дұрыс деген жауабыңызды белгілеңіз. 
2-
мысал.
 
Кейбір тапсырмалардың қысқаша жауабын арнайы қалдырылған 
дәптердің жолдарына жазу қажет. Қысқаша жауап жеке сөздер, суреттер немесе 
сан түрінде болуы мүмкін. Мысалы:
1990-
2012 жылдардың аралығында Олимпиада ойындарының астанасы 
болған Азияның үш қаласын жазыңыз 
Дұрыс жауап келесі үлгіде жазылуы мүмкін: Токио, Сеул, Пекин. 
3-
мысал.
 
Тапсырмалардың мазмұнына қарай жауап жазуды, түсініктеме 
беруді, берген жауаптың толық түсініктемесін беруді немесе есептің шығарылу 
жолын көрсетуді талап ететін тапсырмалар да бар. Бұл тапсырмаларға берілген 
жауаптар еркін формада жазылады. Мысалы: 
Сіздің ойыңызша 2016 жылғы Олимпиада ойындары қай құрылықта өтуі 
мүмкін? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз. 
Бұндай тапсырмалардың жауабын арнайы қалдырылған жолдарға жазу 
керек. Жолдардың саны сіздің жауабыңыздың көлемі қандай болуы мүмкін 
екенін көрсетеді. 
4-
мысал.
 
Болашақ Олимпиада ойындары қайда өтуі мүмкін екендігі туралы 
түсініктемені таңдаңыз.
А. Африка. Олимпиада ойындары мұнда 1964 жылдан бастап болған емес. 
В. Аустралия. Бұл кезеңде Олимпиада ойындары мұнда бір рет қана болған. 
С. Солтүстік Америкада деп ойлаймын. Бұнда Олимпиада ойындары жиі 
өткізілген, бірақ АҚШ дүние жүзіндегі бай елдердің бірі болғандықтан, 
осындай қымбат ойындарды тағы да өткізе алады.
Д. Азия мен Еуропадан басқа кез-келген құрылықта, өйткені бұл 
құрлықтарды соңғы ойындар өткізілген болатын. 
5-
мысал.
 
Есептеулердің орнына логикалық ойлауды талап ететін, деректері 
толық берілмеген тапсырмалар да қызықты. Мысалы: 
Айдар шәшкеге температурасы 90°С-қа тең ыстық шай және екінші 
ыдысқа температурасы 5°С-қа жуық суық минералды су құйып алды. Екі 
шәшкенің және құйылған сусындардың көлемі бірдей. Айдар отырған бөлменің 



температурасы 20°С-қа жуық. 10 минуттан кейін шай мен минералды судың 
температурасы қанша болуы ықтимал? 
A) 70°С және 10°С;
В) 90°С және 5°С; 
С) 70°С және 25°С; 
D) 20°С және 20°С». Дұрыс жауабы (А) 
Әрбір тапсырма бір мәселені суреттеген мәтінді қамтиды және мәтінмен 
қатар төрт немесе бес нұсқада жауабы бар сұрақтар, немесе таңдау бойынша 
қатар екi жауабы болуы мүмкін жорамалдар мен нақты бекiтулер түрінде 
көрсетiлген қиындық дәрежесі әртүрлі бірден алтыға дейін сұрақтарды 
қамтиды. Сұрақтардың қалған бөлімдеріне оқушылар өз жауаптарын жазуы 
керек, олардың кейбiрi қысқа немесе толық жауапты талап етедi. Ішінде тест 
тапсырушылардан жеке өзіндік пiкiрді талап ететін және өз көзқарасын 
айқындауға мүмкiндiк беретін тапсырма түрлері де қарастырылған. Сондай-ақ, 
оқушылардан сұрақ жауаптарының шеңберде шектелген нұсқаларын таңдауын 
талап ететін тапсырмалар да бар, олар дұрыс немесе бұрыс болып бағаланады 
(жабық құрастырылған жауаптар).
PISA зерттеуінің әрбір кезеңіндегі бағалаудың басым аймағындағы өзгеріс 
зерттеудің негізгі бағыты бойынша толық ақпарат алуға және бұл бағыттағы 
үдерістерге салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік береді. 
Зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу барысында әрбiр оқушыға әрбір 
топтағы тапсырманы орындауына қарай (математика, жаратылыстану және оқу 
бойынша) халықаралық 1000 балдық шкала бойынша ұпай қосылады. Сонымен 
қатар, тапсырма барлық тестіленушілермен қаншалықты орындалғанына 
байланысты әрбiр тапсырмаға аталған шкалаға сәйкес нақты ұпай қосылады 
(тапсырманың қиындығы үшін). 
Әрбір елдің нәтижелерін талдауда және халықаралық шкаланы құрастыруда 
жеке елдердің тапсырмаларды орындау ерекшелiктерi есепке алынады. Ал 
қатесі бар тапсырмалар, мысалы, полиграфиялық немесе аудармасында қате 
кеткен тапсырмалар талдаудан шығарылып тасталады. 
Бұл зерттеуде, сонымен қатар, бағдарламаға қатысушы елдер 
оқушыларының нәтижелеріндегі өзгешеліктерді түсіндіруге мүмкіндік беретін 
факторлар да зерттеледі. Мұндай факторларға оқушылардың және олардың 
отбасының сипатамасы, білім беру мекемелерінің және оқу үрдісінің 
жағдайларының сипаттамалары жатады.
Тест тапсырмаларының:
33,69%-
ға жуығы еркiн құрастырылатын жауаптардан тұратын сұрақтардан 
жасалған, оқушылар оларға өздік қисынды жауаптар берулерi керек;
ал 9,47 % тапсырмалар қысқаша жауапты сұрақтардан тұрады;
тапсырманың 5,26 %-ын оқушылар сөздермен немесе сандармен шектелген 
жауаптарды өздері құрастырады, осындай тапсырмалар «жабық құрастыру 
жауабы бар тапсырмалар» деп аталады;
бір ғана дұрыс жауапты таңдауды талап ететін, дайын жауабы бар сұрақтар 
тест тапсырмаларының 34,21 %-ын құрады;



тапсырмалардың 5,26% «иә» немесе «жоқ» деген жауапты талап ететін 
тапсырмалардан тұрды.
Бастауыш және негізгі мектептің білім сапасын бағалау TIMSS 
халықаралық зерттеуінде жүзеге асады. TIMSS мектептегі білім сапасын 
халықаралық зерттеу (Trends in International Mathematics and Science Study) – 
әлемнің 63 елінде жаратылыстану-математика бағыты бойынша мектептегі 
білімнің даму басымдылығын анықтау үшін жүргізіледі.
TIMSS 
халықаралық зерттеуінің мақсаты – әртүрлі елдердегі білім жүйесі 
мен орта мектеп оқушыларының жаратылыстану-математикалық дайындық 
деңгейін салыстырмалы бағалау және осы дайындық деңгейіне әсер ететін 
факторларды анықтау.
TIMSS 
халықаралық зерттеуінің негізгі міндеті – білім саласындағы әлемдік 
артықшылықтарды көрсететін объективті өлшемдер шегіндегі құралдары 
негізінде алынған нәтижелерді талдау және білім саясатына қажетті ғылыми 
дәлелденген қорытындылар жасау. Халықаралық зерттеу негізгі екі бағыт 
бойынша жүзеге асады: «математика» және «ғылыми-жаратылыстану», 
сонымен қатар оқушылардың жалпы оқуды меңгеруі және зияткерлік қабілетін 
бағалауға ерекше көңіл бөлінеді [5].
Білім үш деңгейлік тұрғыдан қарастырылады:
– 
жоспарланған (мемлекет тарапынан әлеуметтік тапсырыс ретінде 
анықталады); 
– 
жүзеге асырылған (мектептердегі нақты оқу процестерімен анықталады); 
– 
қол жеткізілген (мектептердегі оқытудың нәтижелерімен анықталады). 
Білім алушылардың білім жетістіктерін анықтау үшін жаратылыстану-
математика циклы пәндері бойынша тестілер мен тестілік тапсырмалар, фондық 
ақпараттың нақты параметрлері анықталады.
TIMSS 
халықаралық зерттеулерін өткізуде қолданылатын құралдар:

тест тапсырмалары бар буклеттер; 

мектеп әкімшілігіне арналған сауалнама; 

оқушыларға арналған сауалнама; 

математика және жаратылыстану пәндерінің (математика, физика, 
биология, химия, география) мұғалімдеріне арналған сауалнама; 

Ұлттық Үйлестірушіге арналған нұсқаулық; 

облыстық Үйлестірушіге арналған нұсқаулық; 

мектеп Үйлестірушісіне арналған нұсқаулық; 

тест өткізу туралы нұсқаулық [4].
TIMSS зерттеуінің негізгі компоненті ретінде 4 және 8-сыныптар 
оқушыларының оқу жетістіктері қаралады. 4-ші сынып оқушыларының тестік 
тапсырмаларының әр варианты 44-50 тапсырмадан тұрады, 8-сынып 
оқушылары үшін – 55-60 тапсырма қарастырылған. Онда жауаптар әртүрлі 
болуы мүмкін. Тапсырманы орындау үшін 4-ші сынып оқушыларына 72 минут, 
8-
сынып оқушыларына 90 минут уақыт бөлінеді. Бағалау диапазоны 0-ден 1000 
балл аралығында болады, орташа статистикалық балл 500 баллды құрайды.
Тестілеу тапсырмаларын бағалау төрт деңгейде жүзеге асырылады:
10 



ілгері (625 – 1000 балл);

жоғары (550 – 624 балл);

орта (475 – 549 балл);

төмен (400 – 474 балл).
Жабық тапсырма бойынша әр дұрыс жауапқа халықаралық эксперттер 1 
балл береді. Ашық тапсырмалар бойынша әр жауапқа арнайы екі таңбалы код 
беріледі – «дұрыс жауап», «жартылай дұрыс жауап», «жауап дұрыс емес».
Оқушылардың математикалық және ғылыми жаратылыстану сауаттылығын 
тексеру үшін 347 тапсырма қолданылды (оның 175 математика және 172-сі 
ғылыми жаратылыстану). Бұл тапсырмалар 28 блокқа жүйеленген (14-і 
математика және 14-і жаратылыстану). 8-сынып бойынша да осындай тәртіппен 
тапсырманың 14 әр түрлі нұсқасы пайдаланылды. Тапсырманың барлық саны 
434 (217 математикадан және 217 жаратылыстану бағытында).
Зерттеулерге арнайы сауалнамаларға жауап беру арқылы Ұлттық 
координаторлар қатысады. Бұл жауаптар алынған нәтижелердің кейбір 
себептерін түсіну үшін қосымша ақпараттарды құрайды. 4-ші және 8-ші сынып 
оқушыларының мектеп пәндеріне көзқарастары, мұғалімдер тарабынан 
сабақтарды ұйымдастыру, сыныптан тыс іс-шараларға қатысу, отбасын 
сипаттау туралы сауалнамалық сұрақтарға жауап береді.
Сауалнама сұрақтарына берілген жауаптар арқылы оқушылардың білім 
жетістігіне кері әсер ететін факторлар анықталады. Мысалы, халықаралық 
сарапшылар жасаған модель бойынша мынадай факторлар [6]:

оқушылардың 
демографиялық 
сипаттары 
(тестілеу 
кезіндегі 
оқушылардың жасы және олардың жынысы);

отбасының 
әлеуметтік-экономикалық 
жағдайы 
(отбасында 
компьютердің, ұялы телефонның, автомобильдің бар болуы және т.б.);

отбасының мәдениеті (үй кітапханасының бар болуы, сөйлесу тілі);

өз жетістіктерін бағалау (пәнге деген көзқараспен анықталады – 
«жалықтыратын пән», «жеңіл пән», «әр адамның өмірінде маңызды»);

оқушының уәждемесі (білім траекториясы, пәнді игеруге тиісті жігердің, 
қызығушылықтың болуы);

мектептен тыс іс-әрекеттер (оқушының мектептен тыс шараларға 
қатысуы, бос уақытты тиімді пайдалануы);

мектептегі және сыныптағы психологиялық ахуал анықталады.
Кадрлық әлеует сапасының оқу процесін ұйымдастыру сапасына әсерін пән 
мұғалімдерінің сауалнама сұрақтарына берген жауаптары арқылы анықталады. 
Сауалнаманың нәтижесінде мынадай ақпарат алынады: мұғалімдердің жеке 
мінездемелері (жынысы, жасы, жұмыс өтілі, білім деңгейі), кәсіптік 
құзыреттілігі (сабаққа дайындалу, оқу жұмыстары, оқу жетістерін бағалау, 
мұғалімдер мен оқушылардың ынтымақтастығы, біліктілікті жетілдіруі және 
т.б.).
Халықаралық сарапшылардың көзқарасы бойынша оқушылардың оқу 
жетістіктеріне мынадай факторлар: мектептің орналасуы, білім беру ұйымының 
материалдық ресурстары, тәртіп деңгейі, психологиялық «ахуал» және басқару 
11 


қызметінің жекеленген аспектілері әсер етеді. Бұл сұрақтар бойынша алынған 
ақпарат білім беру ұйымының басшыларының сауалнамасында ескеріледі.
TIMSS-2011 
құрылымдық құжаттары бойынша жоғары деңгейдегі 
оқушылар ғылыми жаратылыстану процестері бойынша меңгерген білімдерін 
өзара байланысты төрт блок бойынша көрсете білулері тиіс. Мектеп 
оқушылары эксперименттердің нәтижелерін суреттеу, қорытындылау сияқты 
дағдыларға ие болулары тиіс. Төменде оқушыларды жаратылыстану пәндері 
бойынша халықаралық зерттеулерге дайындау барысында ескеру қажетті 
мазмұндық блоктардан мысалдар берілген [6].
1-
мысал. «Биология» пәнінен алған білімдерін көрсету барысында жауапты 
еркін құрастыруға, оқу-танымдық әрекеттерін көрсете білуге бағытталған 
тапсырмалар.
Тапсырма: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет