шартты белгiлердi ажыратуы үшiн өзiндiк жұмыстар берiледі.
Мұғалiм карта
арқылы сұрақтар бере отырып, бiлiмдi бекiтедi.
Мектеп географиясында карталар түрлi-түстi фонмен берiледi.
Әрбiр территория түрлi фонмен боялады. Фон әдiсi арнайы карта-
лар мен атластарда, мысалы, топырақ түрлерi, өсiмдiктер, саяси-
әкiмшiлiк бөлiнулер, табиғат зоналары, т.б.
бейнелеулерде жиi
қолданылады.
Арнайы карталарда сызықтық әдiстермен жолдар, шекара,
өзен торлары бейнеленсе, қозғалысты бейнелеу әдiстерi арқылы
желдiң, ағыстың бағыттары,
соғыстың бағыты және экспорт,
импорт өнiмдерiнiң бағыты, т.б. кескiнделедi. Ал геометриялық
белгiлер арқылы пайдалы қазбалар, өнеркәсiп салалары,
халық
саны, қала пунсондары, т.б. берiледi.