О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет31/92
Дата14.02.2022
өлшемі4,9 Mb.
#131760
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   92
Байланысты:
Географияны оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құралы by Акашева А.С. (z-lib.org)

Мұғалiмнiң дауыстап оқуы. 
Ауызша әдiстiң бiрi – мұғалiм-
нiң дауыстап оқуы. География сабақтарында көбiнесе табиғаттың 
тылсым құбылыстары, саяхатшылардың күнделiктерi, табиғаттың 
тамаша көрiнiстерi, т.б. дауыстап оқытылады. Бұл әдiс оқушы-


47
лар дың зейiнiн сабаққа аударуда, қызығушылығын арттыруда 
және ақын-жазушылардың шығармаларымен тереңiрек танысты-
руда қажет. Егер материалды дұрыстап және мәндi бiр үзiндi 
оқылса, бұл өте бай педагогикалық үдеріс. Мұғалiм өзiне керек 
материалды қайдан алуы мүмкiн? Бұл мақсатта географиялық 
хрестоматиялар, география кiтаптары, көркем шығармалар, 
геогра фиялық баяндамалар, саяхатшылардың күнделiктерi және 
т.б. шығарылған. Қазiргi уақытта география курстарына ар нал-
ған арнайы географиялық хрестоматиялар бар. Бiрақ бiр хрес-
томатияның өзi мұғалiмге аздық етедi. Материалдарды көркем 
әдебиеттерден, арнайы географиялық кiтаптардан, журнал және 
газеттерден жинау қажет. 
Қазақстандық ақындардың жер-су туралы өлеңдерiнен бас-
тап, Асан Қайғы, Қорқыттардың қазақ жерi туралы өсиеттерiн 
қолдануға болады. Қазтуған, Махамбет жыраулардың атамекен 
жайлы өлеңдерiн, С. Сейфуллин, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, 
т.б. табиғат көрiнiстерi жайлы жырларын, Ш. Уәлихановтың сая-
хат тары мен зерттеулерiнен үзiндiлер алуға болады. Сонымен 
бiрге «География және табиғат»,«Қазақстан мектебi» журналдары 
мен «Атамекен» газеттерiне жарияланған материалдарды да қол-
данудың маңызы зор. География сабақтарында қазiргi кез де эко -
логиялық тақырыптарға арналған материалдар жиi қолда ны лады. 
Материал жинағанда, оның сабақ тақырыбына сәйкес келуi, 
оқушылардың жас ерекшелiктерi, оның ғылыми және педаго-
гикалық құндылығы ескерiлiп отырады. Оқуға таңдалған үзiн-
дiлер оқушыларға қызықты және мазмұны пайдалы, тәрбие-
лiк маңызы болуы шарт. Оқушылар жалығып кетпейтiндей әрi 
қысқа, әрi нұсқа болуы керек. Үзiндiнi дайындағанда мұғалiм 
оны алдын ала өңдеп, керектi жерлерiн белгiлеп, керек емесiн 
алып тастайды. Бұған мысал ретiнде әртүрлi үзiндiлердi аламыз; 
өлең-жырлар, географиялық мазмұны бар көркем шығармалар
очерктер, т.б. 
Мұғалiм бiр үзiндiнi оқығанда, оны түсiндiрiп өтуi қажет. 
Географиялық картадан мәтiнде айтылған жерлердi көрсетiп, 
тiптi, суреттерiн көрсетуге де болады. Оқыған нәрсе есте қалуы 
үшiн оқушыларға есiткен материалдары бойынша сұрақтар 
қойып, оны ауызша айтып беруiн талап ету керек. Соңғы кезде 


48
мұғалiмдер атақты артистердiң, әншiлердiң әндерi мен жырла-
рын үнтаспаға жазып, магнитофон арқылы тыңдатып жүр. Бұл 
оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет