46
бiлiмдерiн арттырады. Дидактикадан мәлiм, сұхбат әдiсi оқушы-
лардың бұрын өтiлген материалдарын естерiне түсiредi және
жаңа материалды жақсы меңгеруiне жәрдем бередi. География-
да сұхбат өте керектi әдiс болып табылады. Сұхбат, әсiресе өлке-
тану, бақылау, оқулық және карталармен жұмыс жасағанда өте
қажеттi әдiстiң бiрi. Сұхбат әдiсiне ең қажеттi нәрсе – материал
мазмұнына сәйкес, сұрақтарды дұрыс құрастыра бiлу. Мақсатына
қарай сұхбат 3 түрге бөлiнедi: кiрiктiру, түсiндiру және жинақтап
қорыту.
Кiрiктiру сұхбаты – бұл оқушылардың естерiнен шыға
бастаған материалдарды қайтадан есiне түсiруде және жаңа ма-
териалды бастауға қолданылады. Мысалы, 7-сыныптың «Ма-
териктер мен мұхиттардың физикалық географиясы» пәнiнде
мұғалiм Африканың климатын түсiндiре отырып, «климат»
сөзiне анықтама беруiн сұрайды. Сонда оқушылар 6-сыныптағы
материалдарды естерiне түсiруiне тура келедi. Мұғалiм климат
сөзiне анықтама ала отырып, өткен тараулармен жаңа сабақты
байланыстырады.
Түсiндiру сұхбаты – бұл сұхбат әдiсiнiң күрделi түрi. Мұнда
оқушыларға сұрақтар қойылғанда олардың карта, оқулық, т.б.
материалдармен жұмыс жасауларына тура келедi. Мысалы,
«Қазақстанның климаты» тақырыбында оқушылар климат-
ты құраушы факторлары дегенде, Қазақстанның географиялық
орны, сағаттық белдеуi, климаттық белдеулер, т.б. карталармен
жұмыс iстей отырып, түсiндiредi.
Қорыту әдiсi iрi тарауларды қайталап қорытындылауда қолда-
нылады.
Соңғы уақыттарда жоғары сыныптарда конференция сабақ-
тар өткiзiле бастады. Сұхбатқа қарағанда конференцияның ар-
тықшылығы – оқушылар дайындығына уақыттың көп жұмсалуы
және алдын ала дайындалатындығы. Көбiнесе оқушылар басты
тұлға болып, мұғалiм бағыт-бағдар ғана берiп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: