О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор


Географияны оқытудағы көрнекiлiк және сараман-



Pdf көрінісі
бет32/92
Дата14.02.2022
өлшемі4,9 Mb.
#131760
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   92
Байланысты:
Географияны оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құралы by Акашева А.С. (z-lib.org)

4.2. Географияны оқытудағы көрнекiлiк және сараман-
дық әдiстер
Географиялық бақылау. Географияда бақылау жұмысының 
маңызы үлкен. Оқушыларда бұл кезде iскерлiк пен дағды қалып-
та сады. Сонымен бiрге бақылау табиғат құбылыстары мен 
шаруа шылық сипаттары жөнiндегi бiлiмдерiн де тереңдетуге 
көмектеседi. Әдетте географиялық бақылаулар сыныптан тыс 
уақыттарда өткiзiледi. Ондай бақылаулар экскурсия кезiнде орын-
далады. Бақылау көбiнесе топтық сипатта жүргiзiледi. Топтық 
бақылауда:
өзен режимi; құдықтағы судың деңгейi; таудағы топырақ 
түрлерi; Ауылшаруашылық жұмыстары, т.б. анықталады.
Мектеп жанындағы географиялық алаңдарда:
– ауа райын бақылау; күн биiктiгiн анықтау; күннiң шығысы 
мен батысын белгiлеу; поляр жұлдызының орнын анықтау, т.б. 
бақылаулар жүргiзiледi. 
Бақылаудың кейбiреулерi оқу бағдарламасына енгiзiлiп, оқу-
шылар оларды кезекпен орындайды. Ал басқалары сыныптан тыс 
уақытқа жоспарланып, өткiзiледi. Бақылауды оқушылар мұ ға лiм-
нiң тапсырмасы бойынша орындайды. Әр бақылаудың өзiндiк 
бағыты мен мақсаты болады. Бақылау үдерiсiнде жинал ған мате-
риалдарды өңдеп, сабақтарда пайдалануға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет