О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор


Өзіндік жұмыстың баланы оқыту мен тәрбиелеудегі



Pdf көрінісі
бет40/92
Дата14.02.2022
өлшемі4,9 Mb.
#131760
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   92
Байланысты:
Географияны оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құралы by Акашева А.С. (z-lib.org)

5.3. Өзіндік жұмыстың баланы оқыту мен тәрбиелеудегі 
игі ықпалы 
Қазіргі қалыптасқан тарихи-әлеуметтік жағдай, қоғамдық сая-
си құрылым жан-жақты дамыған, білікті, нарықтық талаптың қа-
тал тезіне шыдамды күрескер азаматтарды тәрбиелеп шығаруды 
алдыға міндет етіп қойып отыр. Ондай интеллектуалдық дең гейі 
жоғары, нағыз білімпаз, адамгершілік жағынан мінсіз тәрбие-
ленген жастарды қайтсек қалыптастырамыз деген сауал барша-
мызды толғандырып жүргені хақ. Ол үшін, алдымен, шәкірттердің 
қашан да бар қасиеттерді елеп-ескеруінің мәні зор. Айталық, арғы 
аталарынан бермен келе жатқан өнерге, білімге бейімділік атадан 
әкеге, әкеден балаға даритынын жоққа шығаруға болмайды. Бала 
әке-шешесінің кітапқа, өнерге үйірсектігін, еңбекке төзімділігін 
көзімен көріп жүріп соларға ұқсауға тырысады. Бай кітапханадан 
керегін таңдап алуға, жоғын іздеп тауып толтыруға әдеттенбек. 
Демек, бала әке мен шешеден керегін ерте бойға сіңіріп, жоқтың 
орнын бар етпек, озбақ. Оны шәкірттің өзіндік тұлғасының 
индивидуалдық кескін-келбетінің қалыптаса бастауы деп түсінген 
орынды. Мұндай баланың әсершіл, сергек, сезімтал еңбекке 
төзімді, қайсар, табанды келетіні сөзсіз. Мұғалім, тәрбиеші 


66
мұндай қанында өнердің, білімнің иммунитеті басым, еңбекке 
төзімді, төңірегіне байыппен қарап, басымдылығын аңғартып 
тұрған шәкіртіне ерекше, бөлекше бағдарламамен жұмыс істесе 
ғана оның бойындағы дарынының көзін ашпақ. 
Мұғалім баланың қабілетін ескере отырып, ол үшін оқитын 
кітаптардың тізімін жасауы қажет. Көрнекті орыс педагогі
А.Б. Сухомлинскийдің: «Без высокой культуры чтения нет ни 
школы, ни подлинного умственного труда» деген ойымен есеп-
теспеген ұтылады. 5-8 сыныптарда география оқу сабағында сы-
ныптан тыс оқытылатын шығармалардың тізімі беріледі. Кейде 
олар сыныпта өтілетін туындылардан мазмұны, көркемдік деңгейі 
жағынан төмен болады. Ол оқушы талғамын жойып алуға, оқыр-
мандық қызығушылығын әлсіретуге әкелуі әбден мүмкін. Мұн-
дай жағдайда ұстаз өз шәкіртінің талғамын ескеріп, тапсырмаға 
өзгерту енгізгеннің еш әбестігі жоқ. Ақыл-ой еңбегі оқырмандық 
мәдениеттің сатылай өсіп отыруына мүдделі. Айталық, Көкшетау, 
Қарқаралы, Баян, Жетісудың сұлулығына көзін суарып нәр 
жинаған оқушы М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіровтің 
«Көкшетау», «Туған жерім – Сасықкөл», «Аққудың айырылуы», 
«Жетісу суреттерін» оқып ерекше ләззатқа бөленбек. Сыныптан 
тыс оқуда бұл эстетикалық талғамы жоғары, ақыл-ойының таным-
дық қызметі күшті балаларға Қ. Аманжоловтың, С. Мәуленов тің, 
Қ. Мырзалиевтің, К. Салықовтың «Орал», «Байкал», «Құлын», 
«Түбір», «Аққу», «Циклдерін», «Қызыл кітаптарын» ұсын ба-
саңыз туған табиғаттың інжу-маржанына деген ыстық махаб-
батын салқындатып аласыз. Ұлы ақын І. Жансүгіровтің «Жетісу 
суреттері» циклі өлеңдерінде жер жәннаты – Жетісу жерінде 
өсетін өсімдіктердің 375-тен, хайуанаттардың 248-ден аса түрлері 
беріледі. Жетісудың жеті өзенін санап береді, табиғаттың төрт 
мезгіліне қатысты бұл өлкенің құбылысы шебер бейнеленген. 
Демек, оқушы география сабағында әдебиет, биология пән-
дерінен алған білімін тағы бір пысықтап байытпақ. Ұлы ақын-
дардың жырларының көркемдігіне сүйсіне отырып энцикло-
педиялық біліміне қалағанынша қанбақ. Мұғалім ізденгіштігі 
осындай материалдардың тұсында айшықтана түскені ләзім. 
Оқушыларға: «Жетісуды неге жер жәннаты» дейміз? Қазақстан-
ның басқа өлкелерінде өсетін өсімдіктер мен хайуанаттар 


67
әлемінен мұнда өзгешелік бар ма? деген тақырыптағы тапсыр-
маларды үйге беріп өз топшылауларына тізгін ұсынған жөн. 
Факультативтік сабақтарда осы мәселелер жайында жазған ре-
фераттары мен баяндамаларын тыңдап талқылаудың білімдік-
тәрбиелік рөлі зор. 
Әрине, педагогика ғылымы жеке тұлғаның (личность), 
баланың өзіндік дара қасиеттерін құрметтей, бағалай отырып, 
оқушылардың жұмыс істеу қабілетін жетілдіруге, дамытуға 
әбден мүмкіндігін теріске шығармайды. Білімнің инемен құдық 
қазуымен бірдейлігіне оқушыны мектеп жасынан үйрету ке-
рек. Сыныптан тыс мектепаралық конференциялар өткізіп, бір 
тақырыпты екі не үш оқушыға ұсынып, бірінің пікіріне екін-
шісі, екіншісіне үшіншісі оппонент ретінде әңгімелерін сабақ-
таса, мәжіліс соғұрлым қызықты тартыста өтеді. Кешегі оқулық-
тардағы дайын пікірлерді ғана оқып, сонымен баға алып жүрген 
оқушының дүниетанымы кеңіп, жаттанды пікірлермен шектеу-
шіліктен саналы түрде безінеді. Сыныпта зерттеу әдісін өлшем 
еткен ойлы, білімді шәкірттер, белсенділердің қатары өспек. 
Сыныпта оқушылардың өзіндік қабілетін арттыру үшін 
факультативтік сабақтардың бағдарламасын басқаша құрған 
тиімді. Өйткені қазіргі факультативтік бағдарламасы сыныпта 
өте тін тақырыптарға қосымша материалдарды қарастыратын дең-
гейде. Ол шәкірттерді ізденуге итермелейді. Сыныптағы геогра-
фия теориясынан берілетін мәлімет география ғылымы бойынша 
түсіндірілсе, факультативте параллель орыс, шетел география 
ғылымында осы мәселе қай еңбектерде қалай қарастырылатыны 
байыпталса, оқушылардың ой-дүниесі қаншама байып шығар 
еді. Тек география теориясы ғана емес, көркем шығармаларды 
алғанда да осы принциптерді қолдану орынды тәрізді. 
Жалпы, мектеп оқушыларын өзіндік жұмысқа баулуда, жауап-
кер шілігін арттыруда географиялық апталықтардың жоспарлы 
түрде өткізіліп отыруының маңызы зор. Ұлы географтар, мыса-
лы, Х. Колумб, А. Весспучи немесе Қ.И. Сәтпаев, Ш. Уәлиханов, 
Ә. Бірмағамбетов, Ә. Бейсенова, Ұ. Есназарова, т.б. жаңашыл-
педагог ғалымдардың туған айларында бірер аптаны белгілеп, 
олардың шығармашылығын насихаттауды жүзеге асырудың пай-
дасы зор. Оқушылар шығармаларын ауызша мазмұндайды, жат-


68
тайды, талдайды, шығарма жазады, карта сызады, сабақ-диспут, 
сабақ-концерт өткізіп инсценировка жасайды, көркем сөз оқиды, 
түрлі ойындар өткізеді, мақала, реферат жазады, баяндама жа-
сайды, кездесу ұйымдастырып, өшпес әсерге бөленеді. Газет 
шығарып, еркін тақырыпқа шығарма жазады, түрлі карталар сыза-
ды. Мұндай сыныптан тыс кезде жүргізілетін жұмыс формалары 
шәкірттердің өз беттерімен атқаратын істері, ізденістері. Істелетін 
істердің модификациясы, жүргізу тәсілдері, қай оқулықтарды 
пайдалану тиімді екендігіне мұғалім кеңес береді, пікірлесе 
отырып, жол нұсқап, жетекшілік етеді. Білімді, тәжірибелі ұстаз 
оқушыға ешқашан өз пікірін таңбайды, өздерін тыңдап ой қосады, 
сенімдерін бекітеді, тілекші болады, арбитр, кеңесі қызметімен 
шектеледі. Әсіресе төменгі буында оқитын шәкірттердің өзіндік 
жұмыстарын ұйымдастырып атап өтуге негізделген «Алтын күз», 
«Қыс», «Наурыз» атты кештердің орны бөлек. Өлеңдерді жаттату, 
мәнерлеп оқу, шығарма конкурсына өткізу, табиғатқа саяхат жа-
сау, газет шығару, т.б. шаралар шәкірттердің шығармашылықпен 
ізденіп, өз келбетімен көруін талап етеді. 
Оқушылардың дүниетанымы, көзқарасы, әдеби білімі, эру-
дициясы өрісті болу үшін әр сабақ оларды ойландыруға, мол 
ғылыми мәліметтерге, салыстыруларға толы болғаны абзал. 
Сондай-ақ «Республика күні», «Тәуелсіздік күні» қарсаңында 
«Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген», «Тәуелсіздік тура-
лы толғау», «Тәуелсіздіктің негізі берік қалансын десек…» де-
ген тақырыптарға шығарма жаздырып, кештер өткізудің де 
оқушыларды өз бетінше ізденіп, толғануға, өз бет-бейнелерін та-
нытып, ойлары өсіп, толысуларына септігін тигізбек. 
Қорыта айтқанда, тәуелсіз, азат еліміздің болашағы қазір мек-
теп қабырғасында өсіп жатыр. Олардың өз беттерімен ізденіп 
терең білім алуына, дені сау, тұлғалы азамат болып өсуіне, за-
манына лайық күрескерлік сипаттардан кенде қалмай халқының 
қалаулы ұлы болуына ұстаздары аз тер төкпейтіні аян. Ол үшін 
олардың бойына жауапкершілік сезімін ұялатып, білімге бар 
құштарын сала, ынтасымен беріле оқитындай жұмыстардың фор-
маларын жетілдіре, дамыта түскен жөн. 


69


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет