О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет26/92
Дата14.02.2022
өлшемі4,9 Mb.
#131760
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   92
Байланысты:
Географияны оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құралы by Акашева А.С. (z-lib.org)

догматикалық
(хабарлау) әдіс деп аталады. 
Екiншi тәсiлге тоқталайық: Бұл тәсiлдiң фактілерді әлде қай-
да терең ұғуға мүмкiндiк беретiндiгi әркiмге айқын. Бұл тәсiл 
қолданылғанда фактілер зор ынтамен қабылданады, оңай ұғы-
нылады және ұзақ есте сақталады. Бiрақ екiншi тәсiлдi орындау 
қиынырақ. Мұғалiм бұл тақырыпты алдын ала әзiрлеуге уақыт 
пен құралды көп жұмсауға тиiс. Оқушылар көп болған жағдайда 
бұл тәжiрибенi барлығына бiрден көрсету мүмкiн емес. Егер 
бiз оқушылардың бiлiмiн ғана еске алсақ, онда екiншi тәсiлдiң 
артықшылығы сөзсiз. Бұл арада мынаны айта кетелiк, тәжiрибе, 
сурет немесе қандай да бiр басқа көрнекi құрал көрсетуге 
негiзделген мұндай әдіс 
иллюстрациялық
әдіс деп аталады. 
Иллюстрациялық әдіс догматикалық әдістен едәуiр өзге. Оның 
өзiне тән ерекшелiгi – нақты материалдың қатыстырылуында. 
Өзiмiздi тағы да мектепте екенбiз делiк, тағы да өзiмiзге жақ-
сы таныс жаңағы тақырып оқытылып жатыр. Бұл жолы мұға лiм 
балаларды мектептен алып шығып жуықта ғана жаңбыр суы-
ның тасқыны қазып кеткен жыраға бастап келдi. Балалар жыра
ше тiне жақындай бергенде, мұғалiм оларға мынадай тапсырмалар 
бердi:
1. Жыраны мұқият қарап шығыңдар және судың өте көп ша-
йып кеткен жерлерiн атаңдар. 
2. Сол жерлердi қараңдар және оларды судың нелiктен күштi 
шайып кеткенiн анықтаңдар. 
3. Жыраның жазықтыққа ұласатын жерiн қараңдар, бұл жерде 
судың не себептi арна қазбағанын айтыңдар, т.б. 
Балалар жыраны мұқият қарайды, оның түбiндегi құм мен 
тас ты байқауда, әлдене туралы таласуда, ақыры, судың биiк жер-
ден төмен қарай құлаған және терең апан қазған жерiн табады. 
«Тасқын осы араны өте күштi шайған», – деп ұйғарады бала-


42
лар. «Нелiктен олай дейсiңдер?» – деп сұрайды мұғалiм. «Бұл 
нағыз қия жер, су мына арадан құлай аққан, мына жердi апан 
етiп қазып кеткен», т.б. Нақ осылайша балалар жұмыс iстей 
бередi, нәтижесінде олар да бiздiң бiрiншi жағдайда атаған қо-
ры тындыларымызды жасайды. Мұғалiм бұл жолы да балалардан 
осы қорытындыларды дәптерлерiне жаздырады. 
Осы үшiншi әдісті алғашқы екеуiмен салыстырайық. Тақы-
рып соның өзi, бiрақ жұмысты орындау жолдарында және ол 
жұмыстың сипатында қаншалықты зор айырмашылық бар. 
Мұнда, үшiншi жағдайда, мұғалiм әзiр түсiнiктердi хабарла-
майды. Ол балалардың алдына мiндеттер қояды және олар-
ды балалардың өздерiне шештiредi. Бұл жағдайда бiз өздiгiнен 
зерттеу жұмыстарын жүргiзудiң элементтерiн кездестiрiп отыр-
мыз. Мұндай әдісті көптеген әдіскерлер 
зерттеу
әдісі деп атай-
ды. Егер бiз терең бiлiм беруге ұмтылсақ, егер бiз балалардың 
белсендiлiгiн, талапкерлiгiн және жiгер еркiн жетiлдiргiмiз кел-
се, онда ең соңғы әдісті қолдану ең жақсы нәтиже бередi. Со-
нымен қатар жұмыстың мұндай жолы әлдеқайда көп уақытты, 
жақсы жабдықты және жақсы даярлығы бар мұғалiм болуын 
талап етедi. Әртүрлi елдерге географиялық сипаттама бергенде, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет