39
4. ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН
ӘДІСТЕР МЕН ТӘСІЛДЕР
4.1. Оқытудың теориялық әдiстерi
«Әдіс» деген сөз гректiң «methodos» деген сөзiнен шыққан.
Ал бұл сөз орысша аудармасында, зерттеу жолы, тәсiлi деген
мағынаны бередi. Ғылымда және күнделiктi тұрмыста әдіс деген
сөз зерттеу жолы, әдiсi, тәсiлi деген мағынада, тiптi, iс-әрекеттiң
сипатын көрсету мағына сында да қолданылады.
Бұл сөз әдістемелік әдебиетте де кең түрде және әрқилы
қолданылады. Мысалы, кейбiр авторлар «әдіс» деген сөздiң
мәнiн мұғалiмнiң оқушыларды қандай да болса бiр фактіні танып
бiлуге үйрететiн логикалық жолы (догматикалық, иллюстра ция-
лық, эвристикалық, зерттеу әдістері) деп түсiнедi. Басқа автор-
лар «әдіс» деген сөздiң мәнiн материалдарды орналастыру әдiсi
(аналитикалық, концентрлi, т.б.) деп ұғады. Ал үшiншi бiреу лер әдіс
дегеннiң мағынасын материалды өтудiң формалары (зертханалық,
экскурсиялық, еңбектiк, т.б.) деп түсiнедi. Өзiнiң жұмыс үдерісінде
пайдаланатын мұғалiмнiң кейбiр жеке тәсiлдерiн немесе әдiстерiн
де (графикалық әдіс, салғастыру әдісі, т.б.) «әдіс» деген сөзбен
атау жиi кездеседi. Мұның бәрi тұтас алған да бiздi «әдіс» деген
терминдi абайлап қолдануға мәжбүр етедi. Бiз оны әңгiме кейбiр
жеке әдiстер мен тәсiлдер туралы болғанда емес, жұмыс жолы ту-
ралы болғанда ғана пайдаланатын боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: