О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор


Мектепте географияны оқыту әдістерінің әртүрлiлiгi



Pdf көрінісі
бет24/92
Дата14.02.2022
өлшемі4,9 Mb.
#131760
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   92
Байланысты:
Географияны оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құралы by Акашева А.С. (z-lib.org)

Мектепте географияны оқыту әдістерінің әртүрлiлiгi
Бiз мектепте география сабағына қатысып отырмыз делiк. 
Мұғалiм «Жаңбыр суы тасқындарының әрекетi» деген тақырыпты 
түсiндiруде. Мұғалiм жаңбыр суынан тасқынның қалай пайда 
болатынын, бұл тасқындар беткеймен қалай ағатынын және сол 


40
беткейде жыраның немесе сайдың қалайша пайда болатынын 
балаларға түсiнiктi, ұғымды тiлмен айтып отыр. Мұғалiм беткей 
неғұрлым қия болса, тасқын судың одан төмен қарай соғұрлым 
қатты ағатынын, ал тасқын күшеюiнен оның топырақты шайып 
кету әрекетiнiң артатындығын, т.б. атап айтуда. Сөзiнiң ақырында 
мұғалiм қысқаша қорытындылар жасайды. Ал балалар оларды өз-
дерiнiң дәптерлерiне жазып алады. Бұл қорытындылар мынадай:
1. Беткей неғұрлым қия болса, су соғұрлым жылдам ағады. 
2. Тасқын ағысы неғұрлым жылдам болса, беткейдiң шайы-
луы да соғұрлым күштi. 
3. Тасқын суы неғұрлым көп болса, топырақтың шайылуы да 
соғұрлым күштi болады. 
Ендi бiз басқа мектепте болып, дәл осы тақырып оқылып жат-
қан кезге тап боламыз. Бiрақ бұл мектепте тақырыпты мұға лiм 
сыныпта емес, тыста түсiндiрiп жатыр. Ол екi ағаш науа алып, 
олардың бiреуiн сәл қисайтып, екiншiсiн оған қарағанда әлде-
қайда көбiрек қисайтып қойды. Бұдан кейiн мұғалiм бiрдей екi 
қаңылтыр шәйнек алып, олардан жаңағы екi науаға су құяды. Ба-
лалар оны қоршай орналасып, өңкей науамен судың әлдеқайда 
тез аққанын көрiп тұр. Бұдан кейiн мұғалiм бiрiншi науаға iрi құм 
себедi және қайтадан су құяды. Балалар су баяу аққанда құмның 
мүлде дерлiк шайылмайтынын тағы да өз көздерiмен көредi. 
Мұғалiм науаның бiр шетiн еңкейте түседi. Бұл жағдайда ағынның 
шапшаңдығы артты және су құмды тезiрек шайды. Ендi мұғалiм 
науаға екi шәйнектiң екеуiнен бiрдей су құйды. Оқушылар судың 
көбеюiне байланысты құмның шайылуының кенет артқанын 
көрдi. Бұл тәжiрибелерден кейiн мұғалiм бiз жоғарыда атап өткен 
қорытындыларымызды – беткей неғұрлым қия болса, су соғұрлым 
жылдам ағады, т.с.с. қорытындыларды жасайды. Бiр тақырыпты 
түсiндiрудiң осы екi тәсiлiн салыстырайық. 
Бiрiншi жағдайда мұғалiм құбылыстар туралы баяндайды, қо-
рытындылар жасайды және осы қорытындыларды жазып алуды 
өтiнедi. Оқушылар мұғалiмнiң айтқанын түсiнiп және есте сақ тап 
қалуға тиiс. Бұл жерде бiз бiлiмдi 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет