О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор


Географиялық экскурсиялардың түрлерi



Pdf көрінісі
бет61/92
Дата14.02.2022
өлшемі4,9 Mb.
#131760
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   92
Байланысты:
Географияны оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құралы by Акашева А.С. (z-lib.org)

Географиялық экскурсиялардың түрлерi. 
Мұғалiмнiң оқу-
шылармен бiрге мектептен сырт жерге шығып, сонда бақылау 
жұмыстарын жүргiзуін экскурсия деп атауға болар едi. Мысалы, 
мұғалiм балаларды мектептiң ауласына шығарып алып, ескi тас 
қабырғаны немесе үюлi жатқан тастарды пайдаланып, табиғи 
өзгерiстi байқаумен шұғылдана алады және географияның әдеттегi 
сабағының шегiнен аспайды. Бiрақ мектеп ауласында жүргiзiлген 
мұндай жұмыс экскурсия деп аталмайды. Экскурсия деп мектеп-
тен, мектеп ауласынан тыс жерге (мұражайға, зауыттарға, далаға, 
т.б. жерге) баруды есептейдi. Экскурсияға қажеттi уақыт әрқашан 
да әдеттегi сабақ кестесiнiң шегiнен асып кетедi. 
Экскурсия деген ұғымның өзiн анықтау мақсатымен бiз бiр 
ғана мысал келтiрейiк. Айталық, бiз серуендеу, таза ауа жұту 
үшiн және көңiл көтеру үшiн, сонан соң жолшыбай кейбiр 
географиялық объектiлердi көру үшiн қаладан сыртқа шығып 
бара жатыр екенбiз. Мiне, бұл экскурсия болмайды, бұл жай се-
руендеу немесе географиялық серуендеу болады. Экскурсия деп 


122
бiз оқу жұмысының мектептен сырт шығуға байланысты белгiлi 
бiр түрiн айтуымыз керек. Сабақ секiлдi экскурсияның да өз 
тақырыбы, өз жоспары, өз мiндеттерi мен жұмыс әдiстерi бола-
ды. Қысқасы, экскурсия – сыныптан тыс жүргiзiлетiн ең маңызды 
жұмыстардың бiр түрi. 
Жоғарыда байқағанымыздай географиялық экскурсиялар 
жа қын жерлiк те, алыс жерлiк те болуы мүмкiн. Жақын жерлiк 
(мұражайға, қала сыртына) экскурсия көбiнесе бiрнеше сағатқа 
созылады, алыс экскурсия бiрнеше күнге созылуы мүмкiн. Орта 
мектептiң төменгi сыныптары үшiн жақын экскурсия қолайлы, 
сондықтан бiз оған ерекше назар аударамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет