О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор


Мектеп географиясындағы өлкетану жұмыстары



Pdf көрінісі
бет77/92
Дата14.02.2022
өлшемі4,9 Mb.
#131760
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   92
Байланысты:
Географияны оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құралы by Акашева А.С. (z-lib.org)

9.4. Мектеп географиясындағы өлкетану жұмыстары
Географияны өзiнiң туған өлкесiн зерттеуге негiздеп оқыту 
қажет екендiгiнiң танылғанына көп уақыт болды. ХІХ ғасырдың 
екiншi және ХХ ғасырдың бас кезiнде тәжiрибе ретiнде геогра-
фияны өлке тануға негiздеп оқыту ең жақсы деген мектептерде 
қолданыла бастады және ол тәжiрибе толық ақталып шықты. 
Осы күнi бiздiң мектептерде өлкетану тек география емес, басқа 
пәндердi оқытудың да негiзiне алынып отыр. Географияны өлке 
тануға негiздеп оқыту қажет екендiгi бағдарламаларда, әсiресе 
сол бағдарламалардың түсiнiк хаттарында өте айқын айтылған. 
Алайда көпшiлiк мектептерде, әсiресе орта мектептерде, 
географияны оқыту тәжiрибесiнен алатын болсақ, мемлекеттiк 
бағдарламаларда соншалықты анық айтылған бұл жоба барлық 
жерде бiрдей тиiстi түрде жүзеге асырылып отырмағанын бай-
қаймыз. Географияны оқыту iсiнде өлкетанудың онша өрiс ала 
алмай отырғандығының негiзгi себебiнiң бiрi, бiздiң ойымыз-
ша, мұғалiмнiң өзiнiң осы жұмыс жөнiндегi әдістеме жағынан 
дайындығының жеткiлiксiздiгi болып отыр. Сондықтан да осы 
мәселенiң ұйымдастыру және әдістемелік жағына сәл толығырақ 
тоқталуға тура келедi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет