О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор


Географиялық апталықтар мен кештер



Pdf көрінісі
бет74/92
Дата14.02.2022
өлшемі4,9 Mb.
#131760
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   92
Байланысты:
Географияны оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құралы by Акашева А.С. (z-lib.org)

9.2. Географиялық апталықтар мен кештер
Үйiрмелер жұмысының ең көңiлдi және оқушыларды қызық-
тыратын бiр түрi – географиялық кештер. Ондай кештер қалай 
ұйымдастырылады. Айталық, үйiрме «Кавказ» деген тақырыпты 
белгiлеген болсын. Алдымен, оқушылар үйдi осыған сәйкес жаб-
дықтайды, қабырғаларға Кавказды және халқының тұрмысын 
көрсететiн картиналар, фотосуреттер, карталар, т.б. бұйымдар 
iлiнедi. Онда кiлемдер, қару-жарақтар, үй саймандарын да iлуге 
болады. Ойнаушылар да (декламаторлар, билеушiлер, артистер) 
соған сәйкес Кавказдың ұлт киiмiн киiнедi. 
Әуелi Кавказ туралы баяндама жасалады, одан кейiн орыс 
және Кавказ ақындарының Кавказ табиғатын және өмiрiн сипат-
тайтын түрлi өлеңдерi оқылады. Оқитындармен әңгiме айту-


146
шылармен алма кезектесiп музыкалық нөмірлер, билер, әндер, 
т.б. орындаушылар шығып отырады. Ондай кештерде Кавказ 
халықтары тұрмысынан алынған пьесса қоюға да болады. Ондай 
кештер қатынасушылардың әрқайсысында ешбiр ұмытылмайтын 
iз қалдырады. Тек есте болатын нәрсе, нағыз Кавказдың өзi көрсе-
тiлiп, ешбiр пасық халтураға жол бермеу керек. 
Мұндай географиялық кештер көп және мұқият дайындық 
тiлейтiнi жоғарыда айтылғандардан анық көрiнiп тұр. Мұндай 
кештер өткiзу үшiн, тегiнде драма, әдебиет, көркемөнер, т.б. 
үйiрмелердi де қолғабысқа шақыруға тура келедi. 
Мұндай қиын қойылымдардан басқа, олардан жұпынылау, 
бiрақ пайдасы кем соқпайтын одан гөрi жеңiл қойылымдар қоюға 
да болады. Ондай кештер кiшiрек сценалар көрсетiп, әңгi мелер, 
бюллетеньдер, жанды газеттер тағы сондайлар көр сетумен өткi-
зiлетiн көрмелер тәрiздi болуы мүмкiн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет