164
тырып өлшей алады. Бұл оқушылардың көзбен мөлшерлеуiн арт-
тырады.
Полярлық жұлдызды табу оңай болу үшiн географиялық
алаңға полярлық жұлдызды көрсеткiштi орнату керек. Геогра-
фиялық координатты көрсету үшiн алаңға төрт бағана орнатып
(биiктiгi 1,5-2 м), бағаналардың ортасын сыммен қосып, мериди-
ан және параллель жасау қажет. Тиiстi бағанаға төрт бұрышты
темiрдi бекiтiп, соған мектептiң географиялық бойлығы мен
ендiгiн жазып қояды. Күннiң көкжиектен биiктiгiн анықтау
мақсатында гномон немесе күн сағатын алаңға орнатуға болады.
Оқушыларға кез келген жердiң ауданы мен көлемiн өлшеудi
үйрету үшiн алаңға ағаштан шаршы және куб пiшiндес пiшiндер
және мұғалiм жер бедерiнiң көптеген жасанды пiшiндерiн жаса-
уына болады. Мысалы, төбе, шығанақ, түбек, тау, су қоймасы,
сарқырама, т.б. Алаңда оқушылар отырып тапсырма орындайтын
үстел және орындықтар болғаны дұрыс.
Алаңдағы барлық заттар, негiзiнен, ақ түстi бояумен боялады.
Алаңның өлшемi шамамен 10х10м болады, мүмкiндiгi болғанша
жан-жағында ешқандай кедергiсi жоқ тегiс, жазық жерге орналас-
тыру керек. Дүниежүзiлiк стандарт бойынша метеорологиялық
алаңның өлшемi 26х26 м болады.
Оңтүстiк Қазақстан облыстық үздiксiз бiлiм беру институты-
ның директоры Бектенғалиева Сәния Хайруллақызының баста-
масымен институт базасында биылғы оқу жылында география-
лық алаң орнатылды. Бұл алаңда бiлiм жетiлдiру курсына келген
мұғалiмдерге оқушылармен сарамандық жұмысты өткiзу жолда-
ры және ауа райын бақылау түрлерi көрсетiледi. Географиялық
алаңдар оқушылардың теориялық бiлiмiн сарамандық жұмыспен
бекiтуге, ұштастыруға мол мүмкiндiк бередi.
Достарыңызбен бөлісу: