Тә – оқушының
танымдық әрекеті;
Б – басқару.
Педагогикалық процесті рефлексивті басқару тұлғаны дамытуға әсер
ететін факторларға байланысты, осының нәтижесінде оқушы өз іс-әрекетінің
мәнін түсінетін болады. Мұғалім мен оқушы арасындағы саналы түрдегі
қажеттілік мақсатқа бағытталған түрленуші іс-әрекеттің ішкі және сыртқы
мотивтерін қалыптастырады. Тұлғаның өзін-өзі түсіну барысында оның
дамуына үлкен әсерін тигізетін өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі түзету
сияқты процестер жүре бастайды. Осылайша, рефлексивті іс-әрекет тұлғаның
зерттеумен, болжаумен, модельдеумен айналысуына әкеліп, оның өзін-өзі
дамытуына жол ашады. Нәтижесінде дұрыс ұйымдастырылған дидактикалық
процестегі «оқыту - оқу» өзара байланысқан жүйе «оқу» компонентін түзейді.
Оқыту процесі деп оқыту мақсатын жүзеге асыратын мұғалімнің жан-жақты
ойластырылған іс-әрекеті, ал
оқу – оқушының таным негізінде жасайтын іс-
әрекеті.
Оқытудың жүйелік іс-әрекеттілік бағыттылығы оқытудың тұлға – іс-
әрекеттілік нобайын жасауға мүмкіндік береді: