Педагогикалық жүйенің құрамдары. Педагогикалық жүйенің жалпы белгілері. Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты (түлектің мінсіз бейнесі) жүйеқұраушы құрылым ретінде. А.И.Щербаков
пен
А.В.Мудрик
«педагогикалық іс-әрекет» ұғымына төмендегідей анықтама береді:
«Педагогикалық іс-әрекет – бұл кәсіби мақсаты өскелең ұрпақты тәрбиелеу
болып табылатын қоғамның ересек мүшелерінің іс-әрекеті».
Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз – жеке тұлғаны дамытуға және
қоғамдағы әлеуметтік орнын анықтау үшін жағдай жасауға адамзаттың
ғасырлар бойы жинақтаған өмірлік тәжірибесі мен мәдениетін аға ұрпақтың
жас ұрпаққа беруге бағытталған әлеуметтік іс-әрекетінің ерекше бір түрі.
Педагогикалық әрекеттің бірінші компоненті – бұл қоғам
қажеттілігіндегі инновациялық білім, қоғам дамуының тенденциялары,
адамдарға қойылатын талаптар. Бұл компонент педагогикалық әрекеттің
мазмұны, тапсырмалары, мақсатын анықтайды.
Екінші компонент педагогикалық әрекеттің мақсатын анықтайды:
жеткіншек ұрпаққа берілетін адамзат тәжірибесіндегі қоғамдық қарым-
қатынастар, мәдениет, әртүрлі ғылыми білімдер, технология.
Үшінші компонент – бұл арнайы педагогикалық білім, кәсіби тәжірибе
және шеберлік пен құзыреттілік.
Педагогикалық іс-әрекет аясында мұғалім оқушымен қарым-қатынас
процесінде ғылымды байланыстырушы рөлін атқарады. Мұғалім білім бере
отырып, ұжымдық субъектілердің іс-әрекетін жеке субъектілердің жеке іс-
әрекетіне айналдыру процесін ұйымдастырады және жеке тұлғаның
қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етеді.
Педагогикалық
іс-әрекетті
зерттеушілер
оның
құрылымында
төмендегідей функционалдық элементтері бар жүйе ретінде қарастырады:
1) педагогикалық өзара іс-қимыл субьектісі мен обьектісі, олармен бірге
іс-әрекеті, оқыту мақсаты және қатынас жасау құралдары;
2) оқушы мен мұғалім, оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты, мазмұны,
педагогикалық процесс пен оны ұйымдастыру түрлері;
3) педагогикалық ықпалдың мақсаттары субьекті мен обьектісі, мазмұны
мен құралдары, нәтижелері, педагогикалық рефлексия (24-сурет).
Педагогикалық іс-әрекет педагогтың білім мазмұны мен оқушылардың
іс-әрекетін ұйымдастырудағы белсенділігі, ол адамның жеке тұлға ретінде
қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етеді.