К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет141/474
Дата16.02.2022
өлшемі7,89 Mb.
#132119
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   474
Байланысты:
Bilim Beru Menedjment

педагогикалық 
қызметкерлерді 
экономикалық 
тұрғыдан 
қызықтыру 
(еңбек өтілі мен сапасына орай, біліктілік санаты мен атақ-
дәрежелеріне сәйкес жалақы беру);
2)
әкімшілік-ұйымдастыру әдістері 
(орындаушылар қызметтерінің 
шек-өлшемін белгілеу,нұсқаулар, бұйрықтар беру және т.б.);
3)
психологиялық-педагогикалық ықпал жасау 
(кеңес, өтініш, тілек 
білдіру, алғыстар жариялау) және 
әсерлендіру 
(жанға жайлы психологиялық 
ахуал қалыптастыру, шығармашылық пен ынталылық сезімдерін көтеру, білім 
мекемесінің әлеуметтік даму болашағы жөніндегі болжамдармен таныстыру);
4)
қоғамдық ықпалдарды пайдалану 
(педагогтар мен оқушыларды білім 
мекемесін басқаруға араластыру);
5)
қоғамдық әсер әдістері 
(ұжымда демократияны нығайтып, 
басқалармен қатынаста шыдамдылық сақтау, мекеме қызметкерлерінің беделі 
мен мәртебесін ұлықтау). 
Педагогикалық процестің барысы, жағдайы, нәтижесі туралы жеткілікті 
ақпарат жинау үшін негізгі сипаттамаларды және олардың көрсеткіштерін білу 
керек. Педагогикалық зерттеу әдістерін кешенді қолдану диагностикалық 
мәліметтердің 
толықтығын 
және 
дәлелділігін 
қамтамасыз 
етеді. 
Диагностикалық 
мәліметтер 
педагогикалық 
процесті 
басқаруға, 
мезгілінде түзету енгізуге, педагогикалық процесті басқарудың алдағы 
жоспарын сапалы етуге жол ашады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет