104
мақсатқа сәйкестік, ізгілік, басқарудағы демократиялық және мектеп түрлі
басқару қызметіне дайын болуы сияқты компоненттерді қамтиды. Осы
заңдылықтардан мектеп директорының, менеджердің оқу жүйесін басқарудағы
басшылыққа алатын негізгі қағидалары туындайды. Сонымен негізгі
қағидаларға төмендегілер жатады:
-
педагогикалық жүйені демократизациялау және ізгілендіру;
-
орталықтандыру және орталықсыздандырудың парасатты үйлесімі;
-
жеке билік пен алқалы биліктің бірлігі;
-
педагогикалық жүйені басқару ақпараттарының объективтілігі және
толықтылығы.
Мектепішілік басқару ең алдымен басшылардың, мұғалімдер, оқушылар
мен ата-аналардың бастамашылығы мен өздігінен жұмыс жасай алуын
дамытуға бағытталады.
Бұл жағдай тек қана қабылдау мен талқылаудың бүкпесіз, ашық
жүргізгенде ғана мүмкін. Мектеп басшыларын сайлау, педагогикалық
кадрларды байқау және келісім шарт негізінде қабылдаудың жүйесі –
мектептегі демократияның бастауы. Сол сияқты мектепті басқарудағы
жариялылық ақпараттың ашықтығы және түсініктілігіне негізделеді. Мектептің
алдында тұрған міндетті, оның қиындығын жете сезінген әрбір мұғалім оған
бей-жай қарамайды. Мектеп әкімшілігінің, мектеп кеңесінің тұрақты түрде есеп
беріп отыруы оны талқылауға және шешім қабылдауға мұғалімдер мен
оқушыларды қатыстыруы мектеп өмірінде демократияның орнығуына негіз
қалайды.
Педагогикалық процестің барысы, жағдайы, нәтижесі туралы жеткілікті
ақпарат жинау үшін негізгі сипаттамаларды және олардың көрсеткіштерін білу
керек. Педагогикалық зерттеу әдістерін кешенді қолдану диагностикалық
мәліметтердің
толықтығын
және
дәлелділігін
қамтамасыз
етеді.
Диагностикалық мәліметтер педагогикалық процесті басқаруға, мезгілінде
түзету енгізуге, педагогикалық процесті басқарудың алдағы жоспарын сапалы
етуге жол ашады.
Достарыңызбен бөлісу: