- жоспардың белгілі мақсатқа бағытталуы;
- сыныптағы тәрбие жұмысы мазмұны, формалары және әдістерінің
әртүрлі болуы;
- жеке тұлғаны тәрбиелеудің сабақтастығын, жүйелілігін және
дәйектілігін қамтамасыз ету;
- жоспардың нақтылы болуы;
- жұмысты келісіп жоспарлау.
Мектеп жұмысының тәжірибесінде жоспардың негізгі үш түрі
қолданылады (49-сурет).
Сурет-49. Мектеп жоспарының түрлері Мектеп жоспарының түрлері: 1) Перспективалық жоспар мектептің соңғы жылдардағы жұмыстарына
терең талдау жасау негізінде бес жылға жасалады.
Оның құрылымы: - Жоспарланған мерзімдегі мектептің міндеттері.