144
Екінші кезеңде
(екінші тоқсан) директордың
басшылығымен жоспар
жобасының құрылымын жасау, қажетті мағлұмат көздерін тауып,
мәлімет
жинақтайтын бастамашыл топ құрылады.
Үшінші кезеңде
(үшінші тоқсан) жинақталған мәліметтер, комиссия
мүшелерінің
есептері талданады, қалыптасқан қиыншылықтардың себебі
айқындалып, оларды жоюдың жолдары қарастырылады.
Төртінші кезеңде
(төртінші тоқсанның соңы) жоспар жобасы
дайындалып, талқыға салынады. Оқу жылының
алғашқы педагогикалық
кеңесінде мектептің жұмыс жоспары бекітіледі.
3) Ағымдағы жоспар
жалпымектептік жоспарды нақтылау үшін оқу
тоқсанында жасалады.
Жоспар жасау дегеніміз – оқыту мен тәрбие жұмысын жақсарту
бағытында көптеген шараларды белгілеу.
Тәрбие жұмысының моделі, бағыты
білім мекемелерінің негізгі жоспарына сай құрылады.
Сонымен, жоспарлау – мектеп әкімшілігінің,
мұғалімдердің кәсіби
іс-әрекетінің негізгі құрамды бөлігі және мектеп өмірінің қызықты, маңызды
шығармашылық бағытта жүргізуге арналған мақсат-міндеттерін ата-аналар мен
оқушылар және мұғалімдердің бірлесіп шешуі.
Жоспар – тәрбие жұмысының айнасы. Дәлелденген нақты жоспар – әрбір
басқару
циклінің дайындық кезеңі, сондықтан оған мектеп басқару ісінің
ғылыми жолмен келе жатқандығын көрсетеді. Жоспар қысқа,
нақты және
айқын болу керек.
Нысаны бойынша жоспар – мәтіндік, графикалық және аралас болып
бөлінеді. Күнтізбелік жоспарда барлық
жалпы мектептік шаралар тоқсан, ай,
апта, жеке күндер бойынша орналастырылады.
Жылдық жоспарлар – мамыр-маусым айларында жасалып, тамыз
айындағы педагогикалық кеңесте бекітіледі.
Достарыңызбен бөлісу: