150
- өз-өзіне баға беруге,
басқаруға, сыйлауға, ішкі дүние еркіндігіне
тәрбиелеу;
-
заңды құрметтеуге, ұжымдық өмір нормаларына, азаматтық және
әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу;
- өмірдің жоғары
бағалылығы ретінде еңбекке, қарым-қатынасқа
тәрбиелеу, шығармашылық еңбекке қажеттілікті дамыту,
іскерлік қарым-
қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.
- салауатты өмір салтына тәрбиелеу, бақытты өмір сүріп, жақсы отбасы
басшысы болуға баулу.
Сынып жетекшісінің тәрбиелік жұмыс жоспары –
міндетті педагогтік
құжат. Жоспарды оқу жылы басталар алдында мектеп директоры бекітеді.
Сынып жетекшісі тәрбиелік жұмысты жоспарлау алдында не істеуі керек?
Біріншіден,
балалардың жасын, сынып ұжымының даму деңгейін,
тәрбиелеу шарттарын (қалалар мен ауылдар, нақты аймақ мүмкіндіктеріне,
мектептің ерекшеліктеріне орай), мектептің педагогтер ұжымының мүмкіндігін
ескере отырып, мақсаттары мен міндеттерін анықтап алу керек.
Екіншіден,
балалар мен сынып ұжымын (олардың түсініктері мен
ұғымдарын,
икемділіктері
мен
қажеттіліктерін,
даму
деңгейлерін,
байланыстары
мен қарым-қатынастарын, т.б.), сондай-ақ өмірбаяндары мен
отбасындағы тәрбиелерін, оқу-тәрбиелік
процесс барысының жағдайын
зерттеуі тиіс. Бұл екі жолмен жүзеге асырылады:
1) психологиялық-педагогикалық зерттеудің әртүрлі әдістемелерін,
диагностикалауды, сауалнаманы пайдалану арқылы;
2) бастапқы күндерден бастап сынып жетекшісінің жұмыстары: «Білім
күні», «Жексенбілік жорық», «Танысу күні», «Алғашқы ата-аналар
жиналысы», «Сенбілік таңы» және т.б. шаралар жүргізу.
Бұл шаралардың
барлығы балаларды, оқушылар ұжымы мен ата-аналарды жақсырақ білуге
көмектеседі.
Үшіншіден,
оқушыларды жоспарлауға қатыстыру. Оның формалары:
сынып сағаттары, тренингтер, сауалнамалар (оқушылардан сұрақтарға жазбаша
жауап алу), ұсыныстар жәшігі, ақылдасу, идеялар мен ұсыныстар аукционы.
Достарыңызбен бөлісу: