К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет300/474
Дата16.02.2022
өлшемі7,89 Mb.
#132119
түріОқулық
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   474
Байланысты:
Bilim Beru Menedjment

Функционалдық 
компоненттер
: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, 
ұйымдастыру, бақылау, реттеу мен түзету – бұлар педагогикалық процесті 
қозғалыста, өзгерісте сипаттайды (дамыту мен жетілдіру). 
Басқаруға тән басты ерекшілік – бұл жұмысқа барлығының: әкімшілік, 
мұғалімдер, оқушылардың бірдей араласуы. Мұндай жағдай басқару қызметінің 
мазмұны мен нәтижесіне үлкен әсерін тигізеді, себебі бұл істің қалаған 
сатысында қай деңгейде болмасын, басқарушы адам өз әрекетінің кез-келген 
сәті мен жүйенің қалпы тек оның шешіміне тәуелді болмайтынын мойындауы 
тиіс.
Білім жүйесінде қалаған деңгейдегі басқару қатынастары тәрбиелік 
қызметті де атқарады. Тәрбиеленушілерді басқарушы болып есептелетін 
педагог-тәрбиешілер оларға жетекшілік етеді, ал тәрбиеленушілер осы 
жетекшілік қатынастарды пайдалы ұғымдар ретінде игереді, яғни тәрбиелік 


219 
қызметтің орындалып жатқаны. Осыдан да басшының, тәрбиешінің, мұғалімнің 
моральдық, әдептілік кейпіне жоғары талаптар қойылады. Кәсіби іс-әрекетті 
әрқилы деңгейде бірдей тең басқару – бұл да педагогикалық жүйелерді 
басқарудың өз алдына ерекшелігі. Өз тұлғасын қалыптастыру барысындағы 
оқушы іс-әрекетін тәрбиешінің бір өзі басқармайды, бұған бірнеше пән 
мұғалімдері, сынып жетекшісі және басқа да күнделікті ықпал жасаушы 
мектептің барша қызметкерлері араласады. Сондай-ақ, мұғалімдердің, сынып 
жетекшілерінің қызметтеріне мектеп директоры мен директордың оқу, тәрбие 
және сыныптан тыс жұмыстар бойынша орынбасарлары әкімшілік басқару 
жүргізеді. Мұғалімдер бір уақытта бірнеше қызмет атқарады. Ол – сынып 
жетекшісі, пән мұғалімі, әдістемелік бірлестік мүшесі. 
Мектеп көп тарапты байланысқа ие. Оның жұмысы ата-аналармен, 
қоғамдық ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен қатынастар негізінде 
атқарылып отырылады. 
Мектеп – мемлекеттік (немесе онымен тығыз байланысқан) құрылым. 
Отбасы, қоғам, мемлекет араларындағы бірлікті іс-әрекеттердің ұштаса 
орындалуынан тәрбиенің жалпы мақсаттары іске асып отырылады. Бұл да 
педагогикалық жүйелерді басқарудың өз ерекшелігі.
Білім берудегі мектеп жағдайы «мұғалім-оқушы» қарым-қатынасына 
тәуелді: әртүрлі жас деңгейіндегі балалар бірлестіктеріне басшылық жасауда 
материалдық ынтадан гөрі моральдық ынтаның басым болуы; басқарушының 
өз қарамағындағылармен жеке таныс болу қажеттігі, білім саласын басқаратын 
тұлғаның жоғары дәрежеде білікті, білімді болуы шарт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет