К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет303/474
Дата16.02.2022
өлшемі7,89 Mb.
#132119
түріОқулық
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   474
Байланысты:
Bilim Beru Menedjment

Реттеушілік қызмет
 
өзара қатынас нормаларын нығайтуда, ұжым 
мүшелерінің тәртібіне баға беруде көрінеді. 
Психологияда қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуалдың басты 
көрсеткіштерін айқындау бағытында зерттеулер жүргізілуде. Бір жағдайларда 
көрсеткіш ерекшеліктері ретінде тұлғааралық, адамгершілік, сезімдік, 
құқықтық өзара қатынастар қарастырылса, ендігі бір жағдайларда ұжымдық 
әрекет тиімділігінің барынша жалпы сипаттамасына баса мән беріледі. 
Ұжымдық әрекет тиімділігінің жалпы сипаттамалары: 
1)
ұжым мүшелерінің ұжымда болғанына, ондағы еңбек процесі мен 
нәтижесіне қанағаттануы; 
2)
ресми жөне бейресми жетекшілердің беделін мойындауы;
3)
ұжымдағы жарқын, көтеріңкі көңіл-күй; 
4)
ұжым мүшелерінің басқаруға және ұжымның өзін-өзі басқаруға 
қатысуының жоғары деңгейі; 
5)
ұжым мүшелерінің топтасушылығы мен ұйымшылдығы; 
6)
саналы тәртіп; 
7)
еңбектің өнімділігі; 
8)
кадрлардың тұрақтылығы. 
Қолайлы 
әлеуметтік-психологиялық 
ахуалдың 
бұл 
белгілерін 
педагогикалық ұжымға баға беруде қолдануға болады. 
Әлеуметтік-психологиялық ахуал қалыптасқан жағдайда ол ұжым 
мүшелеріне жағымды немесе жағымсыз ықпал жасайды. Өзара ақыл, 
ынтымақтастық қатынас біріккен ұжымда тәжірибелі немесе жас мұғалім 
бірлескен қуаныш табады. Ал, немқұрайылық, селқостық немесе қысым, 
үстемдік еткен жағдайда ұжым мүшесі ұнжырғасы түседі, бұл жағдай оның 
қосымша қызмет іздеуіне, дау-жанжалдың пайда болуына, тіпті басқа ұжымға 
ауысуына апарып соғады. 
Кең көлемдегі кәсіптік-педагогикалық міндеттерін атқара жүріп мұғалім 
өзін және еңбегін жұртшылықтың бағалауын қажетсінеді. Педагогтер әсіресе 
беделді адамдар тарапынан, соның ішінде басшылар мен ата-аналар тарапынан 
берілген бағаны түсінуге бейім. Жағымды баға педагогті ынталандырады. 
Жағымсыз баға өзінің қызметін, кәсіптік позициясын, өзгелермен қарым-
қатынасын қайта қарауға негіз болады. Сондықтан педагогикалық ұжымдағы 
қатынас өзара сыйластық, принципті, талапшыл және тілеулестік сипатта 
болуды талап етеді. 


221 
Әлеуметтік-психологиялық ахуалдың тұлғаға ықпал жасауының тетігі 
еліктеуден өзге адамдардың сезімін, ойларын тікелей қолдану, пайдаланудан 
тұрады. Педагогикалық қызмет барысында кейбір мұғалімдер өз әріптестерінің 
эмоциялық жағдайын түсінуге және оған төзуге қабілетті болса, екіншілері 
оның психологиялық жағдайына талдау жасап, өз сенімі, ықыласымен сәйкес 
келетін, келмейтіндігін салыстыруға бейім. Ұзақ уақыт бірлесе қызмет жасау, 
мүдде ортақтығы жағымды еліктеу процесін едәуір жеделдетеді. Өз әріптесінің 
сезімдік-психологиялық көңіл-күйін танып, оны түсіне алған педагог 
қалыптасқан жағдайдан шығудың оңтайлы шешімін өз басынан іздестіреді. 
Өзара әрекеттестіктің екінші жағы жеке тұлғаның ұжымдағы ахуалға 
ықпалынан тұрады. Обал, сауапты білетін, принципті, іске жауапкершілікпен 
қарайтын, тәртіпті, көпшіл, қайырымды, әдепті педагогтер ұжымда жағымды 
ахуал қалыптастыруға елеулі ықпал жасай алады. Ал, керісінше, тоғышар, 
әдепсіз, тәртібі тиянақсыз ұжым мүшесі жағымсыз ахуал орнықтыруға ықпал 
жасайды. 
Ұжымның жалпы ахуалы оның мүшелерінің интеллектуалдық, сезімдік 
және мінездерінің жігерлілік белгілеріне тәуелді болып келеді. Жекелеген 
педагогтердің танымдық белсенділігі, өнертапқыштығы ұжымды инновациялық 
қызметті дамытып, жаңа технологиялар іздестіруге жұмылдырады. Жігерлі 
педагог-жетекші соңынан өзгелерді ерте алады. Егер ұжым мүшелерінің ақыл-
ойы, сезімі, ерік-жігері педагогикалық қызметке жұмылдырылса, онда табысқа 
жету қиын болмайды. 
Жеке адамның ұжымға және оның әлеуметтік-психологаялық ахуалына 
ықпал жасайтын негізгі әдістері – көзін жеткізу, сеңдіру, жеке үлгі көрсету. 
Көзін жеткізу адамдардың бағасын, пікірін, қалыптасқан мінез-құқық 
нормалары мен ережелерін нақты адамнын көз жеткізетін тұлғаның түсінігіне 
сәйкес өзгертуге бағытталады. Осы жағдайда көз жеткізуші факторлардың 
қуатын, қисыны мен дәлелді пайдаланып, тек ақыл-ойға ғана емес, 
әңгімелесушінің сезіміне де әсер етеді. 
Сендіру процесінде бір адамның екінші адамға немесе тұтас ұжымға 
әсері ырықты немесе ырықсыз түрде іске асады. Сендірудің көмегімен 
педагогикалық ұжымда көңіл-күйі қалыптасып, идеялар, педагогикалык 
құндылықтар орнығады. Ұжымдағы жағымды әлеуметтік-психологиялык 
ахуалдың қалыптасуынсыз жеке тұлғаның жасайтын ықпалының тиімді әдісі 
жеке үлгі көрсету болып табылады. Ол үлгі адамның өз еңбегіне, әріптестеріне, 
ұжымдык пікірге қатынасы болуы мүмкін. Үлгі барлық кезде де нақты, ол 
әрекет пен мінез-құлықтың үлгісін береді, көңілдегі мен өмірдегіні 
салыстыруға мүмкіндік береді. 
Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға кедергі жасайтын 
факторлардың катарына ұжымдағы 
келіспеушілікті 
немесе 
«ахуалдық 
ауытқуды»
атауға болады. Әлеуметтік-психологиялык келіспеушілікті 
көптеген мамандар адамдардың тікелей қарым-қатынасы саласында пайда 
болатын карама-қайшылықтын шиеленісіп кетуі ретінде қарастырады. 
Педагогикалық ұжымда пайда болатын келіспеушіліктер өз табиғатында 


222 
тұлғааралық келіспеушілік
болып табылады. Ондай жағдайда адамдар іс-
әрекеттің мақсатына келіспейді немесе оған қол жеткізудің әдістері мен 
құралдары туралы әртүрлі пікірде болады. 
Келіспеушіліктер әртүрлі себептердің салдары болуы мүмкін. 
Педагогикалық 
ұжымдағы 
тұлғааралық 
келіспеушіліктер 
бірлескен 
педагогикалық әрекет процесінде орныққан өзара байланыстың бұзылуына 
байланысты туындайды. Ол педагогикалық қызметке байланысты мұғалімдер, 
басшылар арасыңдағы іскерлік сипаттағы байланыс болуы мүмкін. 
Педагогикалық ұжымда орын алатын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет