Пән жетекшісі: Суранчиева З. Т орындаған: Бишер С. М алматы, 2022 ж



бет1/7
Дата02.11.2022
өлшемі1,79 Mb.
#156149
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
4тапсырма



ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

6В01506 -Информатика


Тақырыбы: «Құндылықтар, көзқарастар, ықпал ету тәсілдері. Сыныптағы психологиялық ахуал»

Пән жетекшісі: Суранчиева З.Т
Орындаған: Бишер С.М
Алматы, 2022 ж.
Құндылықтар, көзқарастар, ықпал ету тәсілдері. Сыныптағы психологиялық ахуал
Жалпы,адамгершілік құндылықтардың мәні мен мазмұны көне заманнан бүгінге дейін философия ,әлеуметтену, мәдениеттану, этика,эстетика,психология,педагогика ғылымдарында кеңінен қарастырылып, қоғам ерекшеліктерімен сұраныстарына орай талданып,жүйеленіп келеді.
Құндылықтар туралы алғашқы түсінік ежелгі грек ғалымы Сократ үшін құндылық –адамның өмірді бағалауы екен. Ал Аристотель-жақсылық,игілік ұғымдарын мінез-құлықты,рухани құндылықты бейнелеуде қолданады. Құбылысты,затты жағымды бағалау адам үшін жақсылық,пайдалы нәрсе деп түсіндіріледі.Рухани-адамгершілікке тәрбиелейтін ғылым рентінде этиканы білдірген. Аристотельдің пайымдауында –этиканың мақсаты-таным емес, ізгілікке үйрету.
Адамзаттық құндылықтар жеке тұлғаның бойында өмірге келген сәтінен бастап бірге дамиды,жасы ұлғайған сайын қоршаған ортасына сәйкес бірге қалыптасады. Құндылық деп тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдарды айтамыз.
Оларға:шындық,қайырымдылық,бостандық,махаббат,шығармашылық жатады.


Қ
Ұ
Н
Д
Ы
Л
Ы
Қ
Т
А
Р


  • р



Философиялық

Ұлттық

Шынайы және алдамшы

Қазіргі күрделі әрі аумалы-төкпелі заманда құндылықтар жүйесінің алатын орны ерекше. Құндылықтарға бейімделу адамзатқа тән құбылыс. Болмыс құбылыстарының құндылықтарынсыз әлеуметтік жан иесі ретіндегі адамның іс-әрекетінің де өмірінің мәні де болмайды.


Өмірдің мәнін түсіну жағымды эмоционалдық жағдай ретінде мақсатқа ұмтылушылықпен,қарым-қатынастағы өз орнын сезуімен,басқа адамдарға деген қызығушылықпен, олармен бірігу сезімімен,белгілі ережелерді ізгілік ережелері ретінде өабылдауымен қоса жүреді. Мәселен адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де,өзі өмір сүріп отырған қоғамның ерекшелігімен көрінуге тырысады.
Педагогикалық сөздікте құндылық - адамның ішкі құқығы,ізгілігі,адамдармен қарым қатынасы, іс-әрекет кезіндегі көрсетілетіін тұрақтылығы,қайырымдылығы,мейірімділік тәрбиесі,делінген. Сондықтан біз құндылық ұғымы адамды тәрбиелеу үшін оның өмір сүруіне ең керекті,маңызды,қажетті,бағалы дүниелердің жиынтығын құрайтын педагогикалық категория ретінде қарастырамыз. Құндылықтар идеалдарды қабылдау немемсе қабылдамау сезімі арқылы айқындалып,ақыл ой-сана арқылы қабылданады және құрметтеу, қошеметтеу,қабылдау сынды ұмытылысты білдіреді. Құндылықтар сезім арқылы қабылданғанмен де оны сана арқылы түсінуге болады.Соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді де іс-әрекет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет