Рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда маңызды тәрбиелік міндеттер:
Ақиқат,ізгілік,еркіндік,рахымшылық,кешірімділік сынды құндылықтардыңқ өмірге еркін ене бастауы;
Жалпы адамзаттық құндылықтармен қатар,ұлттың өз мәдениетін меңгере отырып,әлемдік ұлттармен бейбітшілікті сақтау;
Оқушылардың белсенді өмір позициясын,жан-дүниесін адами құндылықтар арқылы руханилықты берік орнату.
Сыныптағы психологиялық ахуал - өзара қарым-қатынас, көңіл –күйін білдіретін психологиялық ұғым. Көбінесе топтық психологияға байланысты айтылады. Бүгінгі қоғам мен ұжымдағы адамдардың өзара өарым-өатынасы, көңіл-күйі мен ынтымағы, бірін-бірі түсінуі тәртәп пен жауапкершілік,ортақ борыш пен намыс, үйреншікті жұмыс стилі өзара сын т.б.
Қоғамның орнықты дамуы белгілі бір ұжымдағы еңбек өнімділігінің нәтижесі ұғымының кәсіби шеберлігі мен дағдысына,білімділігі мен икемділіктері не ғана байланысты емес, көпшіліктің мұнда қалыптасқан тұраөты көңіл күйіне де байланысты. Ахуал туғызу арқылы ортақ мүддеге келуді үйренеді.
Психологиялық ахуал дегеніміз –ол ұжымдағы ахуалдың яғни әрбір қызметкердің жанына психикасына әсер ететін ахуалдың жағдайы, ол мінез-құлық,эмоционалдық жағдайлардан тұрады.
Ұжымдық іс-әрекетте әрбәр оқушының іс-әрекетте басқалармен тығыз байланыста болады. Мұндай жағдайда ұжымшылдық сезім туады. Бұл қарым-қатынас басқаның ісіне енжарлық туғызбай , керісінше бір біріне көмектесуі, өз жолдасының ісіне қуану, ренжу,мақтану, намыстану сияқты әртүрлі қатынастар жүйесін туғызады.
Балалар тәрбиелейтін оқу –тәрбие мекемелерінде жағымды психолгиялық ахуал құру мақсатында жұмыстар жүргізіледі:
педагогикалық ұжымда қарым қатынас түрін жақсартады;
Педагогтың балалармен қарым-қатынас түрінің жақсара түсуіне септігін тигізеді;
Кәсіби және жеке проблемаларды қамти отырып ,бала тәрбиелеу ұжымдарында педагогтарға, тәрбиешілерге және басқа қызметкерлерге кеңестер береді.
Мектептегі психологиялық қызметтің негізі мақсаты- мектеп оқушыларының жеке тұлға ретіндегі қалыптасуына,олардың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына, қабілеттері мен бейімділіктерінің дамуына көмектесу, олардың психологиялық ерекшеліктерін терең зерттеу,оқушылардың психикалық дамуындағы ауытқушылығы,кешеуілдеуді болдырмаудың жолдарын іздестірумұғалімдер ұжымында психологиялық ахуалды қалыптастыру, ата-аналар үшін психологиялық сауаттандыру, білім ьеру сабақтарын ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |