К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет301/474
Дата16.02.2022
өлшемі7,89 Mb.
#132119
түріОқулық
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   474
Байланысты:
Bilim Beru Menedjment

Педагогикалық 
ұжымдағы 
әлеуметтік-психологиялық 
ахуал.
 
Ұжымдағы көңіл-күй мен қоғамдық пікір, эмоциялық күш-қуат пен өзара 
қатынастың деңгейі ондағы қалыптасқан әлеуметтік-психологиялық ахуалмен 
айқындалады. «Психологиялық ахуал», «әлеуметтік-психологиялық ахуал» 
немесе «микроахуал» ұғымдары ғылыми емес, астарлы, ауыспалы ұғымдар. 
Географиялық ахуал сияқты мамыражай әлеуметтік-психологиялық ахуал 
адамның осындай ахуалдағы ұжымда өзін барынша жайлы сезініп, тұлғалық 
және кәсіптік қатынастарда өзін жан-жақты таныта алуын білдіреді. 
Ұжымдағы 
психологиялық ахуалдың
мазмұндық сипатын адамдардың 
өзара қарым-қатынасы, олардың көңіл-күйі, хал-жайы, бірлесе атқарған жұмыс 
процесіне көңілі толуын айқындайтын болғандықтан психологиялық ахуалды 
сипаттауда эмоциялық бағаның маңызы зор. 
Жағымды әлеуметтік-
психологиялық ахуал
қалыптасқан педагогикалық ұжым қолайлы моральдық-
психологиялық 
ауа-райымен, 
жылы 
шырайлылықпен, 
парыз 
бен 
жауапкершілікті 
құрметтеумен, 
өзара 
талапшылдықпен, 
сергектікпен 
ерекшеленеді. Сондықтан да А.С.Макаренко ұжымдағы өзара қатынастағы 
сергек көңілді екпінге баса мән берген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет