К. Д. Бузаубакова


Мұғалімге жеке тұрғыдан қарау принципі



Pdf көрінісі
бет385/474
Дата16.02.2022
өлшемі7,89 Mb.
#132119
түріОқулық
1   ...   381   382   383   384   385   386   387   388   ...   474
Байланысты:
Bilim Beru Menedjment

 Мұғалімге жеке тұрғыдан қарау принципі
– оқытушыны жеке тұлға 
ретінде қарау: 
Тұлғаны ынталандыру принципі.
Мұғалімнің, оқушылардың әрбір іс-
әрекетін ынталандыру қажет. Мұғалімді ынталандыру принципі – сапаға 
жетудің бірден -бір құралы.
Тиімді педагогикалық қарым-қатынас тәсілдері мен принциптері. 
Тиімді педагогикалық қарым-қатынас тәсілдері мен принциптері. Тиімді 
коммуникация ережелері. Эмпатия. Кері байланыс. 
ХХІ ғасырдағы менеджмент – бұл әлеуметтік менеджмент. Экономиканы 
басқару жүйесінің негізгі, өзекті элементі – адам екені бәрімізге мәлім. Кез-
келген елге жаһандану жағдайында басқаруды жүзеге асыра алатын қабілеті бар 
кәсіби басқарушылар қажет. Олар мүлдем жаңа қасиеттерді игеруге, меңгеруге 
міндетті.
Білім берудегі менеджерлер басқару мәдениетін игеруі қажет ерекше 
мамандар тобына жатады: интеллектуалды, құқықтық, ақпараттық, этикалық 
нормалардың негіздері.
Басқарудағы маманның интеллектуалды мәдениетіне кез-келген әрекеттің 
жоғары нәтижелілігіне алып келетін әдіснамалық ойлау қабылеттілігінен 
тұрады. Республикамызда жүздеген заңдар қабылдануда, жыл сайын ондаған 
жаңа заңдар қабылданып, өз күшіндегі заңдарға толықтырулар еңгізілуде. 
Басшылар өздерінің жұмыс саласы бойынша заңды жақсы білуі қажет және 
өздерінің іс-әрекеттерінде олардың дұрыс орындалуын қамтамассыз етуі қажет. 
Мысалы, білім беру жүйесіндегі басшылар ҚР «Білім туралы» заңын, банк 
жүйесінде - «Банк және банктің әрекеттері», «Инвестициялар туралы» заңды,
аграрлық сектор үшін - «Жер кодексі», «Су кодексі», «Орман кодексі», «Тұқым 
шаруашылығы» және т.б. заңдарды білулері қажет. Сонымен қатар, барлық 
саланың басшылары орындауы және білулері қажет жалпы заңдар да бар. 
Мысалы, ҚР Азаматтық кодексі, ҚР «Еңбек туралы», ҚР «Жемқорлыққа қарсы 
күрес», «Бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдер», «Зейнетақымен 
қамтамассыз ету» Заңдары және т.б. 
Басшының құқықтық мәдениеті 
бұл оның заң тұрғысынан дайындығы, 
құқықтық 
санасының 
деңгейі, 
ойлауы, 
рухани-эмоционалды 
және 
интеллектуалды әлеуетін анықтайды.
 
Пәндердің басқару жүйесі өзінің бағыты мен мазмұны бойынша 
жоспарлық, 
келісім-шарттық, 
қаржылық, 
қызметтік, 
штаттық, 
оқу-


271 
статистикалық, еңбектік және т.б. Барлығы кешенді қосылған уақытта құқық 
нормасының шеңберінде жүйелі түрде басқару қызметін жүзеге асыруға 
көмектеседі.
Қоғамдық феномен ретінде басқару мәдениеті көптеген қызметтерді 
атқарады. Басқару мәдениетін реттеу ретінде құлықтың нормасы мен ережесі 
ғана емес, сонымен қатар оның образдары да маңызды. Егер де норма қоғамның 
қолы жеткен жетістігін анықтаса, онда образдар идеалға жақын келетін 
қоғамның қолы жеткен ең күшті басқару әрекеттерін реттейді.
Басқару мәдениетінің реттеуші қызметі салт-дәстүр, ырымдар, әдет-ғұрып 
секілді түсініктер арқылы анықталады. Әдет-ғұрып – қоғамдық өмірдің түрлі 
салаларында, сонымен қатар міндетті түрде әдетке айналатын басқару қарым-
қатынасындағы адам құлығының тұрақты жүйесі. Осылайша, басқару 
мәдениетінің реттеу қызметі басқару және өндірістік әрекеттер процесінде 
адамдарды нақты бір нормаларға, ережелерге, салт-дәстүрлерге бағындырады. 
Басқару мәдениетінде ақпараттық қызмет маңызды орында. Бұл қызметке 
сәйкес, жинақталған әлеуметтік тәжірибе көлденеңнен – өткен ұрпақтан жаңаға, 
тігінен – бір елден екінші елге, бір ұжымнан немесе адамдардан екіншісінен 
беріліп отырады. Осының негізінде басшыда білім, икем, дағды қалыптасады 
және ол өз кезегінде басқару тәжірибиесін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Басқару мәдениетіндегі коммуникативті қызмет ақпараттық қызметпен 
тығыз, үздіксіз байланысты. Мәдениет – қоғамдық құбылыс, ол қоғамның 
немесе адамдардың қарым-қатынасынан тыс өмір сүрмейді. Адамдармен 
тікелей қарым-қатынас адамзатты байытатын және басқарудағы үздік әлемдік 
тәжірибиелерді зерттеуді жеңілдететін техникалық құралдармен (БАҚ, 
тұрмыстық техника, ғаламтор, т.б.) және көптеген басқа да құралдармен 
толықтырылуда. Басқару мәдениеті басқару ғылымының құрамды бөлігі бола 
тұра басқару әрекетінің тиімділігі мен жетілдірілу деңгейін көрсететін 
басқарудың сапалы жағымен сипатталады.
Құқықты, өкілеттілікті, билікті, материалды және адамгершілік 
ресурстарды, міндеттерді және жауапкершілікті бөлуде объективтілік және 
әділеттілік принципі басқарудың мүмкіндігі мен нәтижелілігі арасындағы 
балансты қатаң түрде сақтауды талап етеді. Барлық деңгейдегі менеджердің 
әрекеті қолданылып жатқан этикалық нормалар мен ережелерді бұзбай, 
керісінше олардың біріккен әрекеттері осы жүйенің дамуына үлесін қосуы 
қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   381   382   383   384   385   386   387   388   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет