8) Кәсіби біліктілікті перманенттік үздіксіз көтеру принципі.
Бұл
принцип – жоғары мектептің дамуының бірден-бір жолы. Жоғары мектеп
басшысы үнемі оқу-тәрбие процесіне жаңалық ендіруге құлшыныс танытып,
оны жүргізуге оқушыларды (білімгерлерді) тартып отыруы тиіс. Жоғары
мектеп менеджері оқытушыны өзінің біліктілігін ұдайы, үздіксіз көтеруге
талпындыруы қажет. Оқытушының өз біліктілігін арнайы біліктілікті көтеру
институттарында көтерулеріне жағдай жасау.
9) Келісім негізінде ұжымдық шешім қабылдау принципі.
Жоғары
мектепте не нәрсе болса да күштеп емес, өз тарапынан, өз еркімен орындалуы
қажет. Инновация күшпен ендірілмеуі қажет, оны шығармашылықпен өздері
меңгерулері тиіс.
10) Жоғары мектеп басқаруға оқытушыларды қатыстыру принципі.
Бұл принцип мектепті басқару заңдылықтарынан шығады. Мұғалім мектепте
өзін басшыға тәуелді сезінбей, сол оқу орнының иесі ретінде сезінуі тиіс. Бұл
үшін мектеп мұғалімдерін психологиялық тұрғыдан даярлау қажет:
педагогикалық тренинг, миға шабуыл, дөңгелек үстел, жоба тұсаукесерлерін
жиі өткізіп отыру абзал.
Достарыңызбен бөлісу: |