К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет387/474
Дата16.02.2022
өлшемі7,89 Mb.
#132119
түріОқулық
1   ...   383   384   385   386   387   388   389   390   ...   474
Байланысты:
Bilim Beru Menedjment

Қызметкерлерді бағалау. 
Қызметкерлерді бағалау олардың лауазымға 
сәйкестігін тексеру үшін жүзеге асырылады.
Кәсіби біліктілікті көтеру принципі
 
– мектептің дамуының бірден-бір 
жолы. Мектеп басшысы үнемі оқу-тәрбие процесіне жаңалық ендіруге 
құлшыныс жасап, оны жүргізуге мұғалімдерді ұдайы тартып отыруы тиіс. 
Мектеп менеджері мұғалімнің өзінің біліктілігін ұдайы, үздіксіз көтеруге 
ұмтылдыруы қажет. 
XX ғасырдың 80 жылдары А.А.Бодалев, В.Я.Ляудис педагогикалық 
қарым-қатынасты педагогика ғылымының жаңа саласы деп көрсетті. 
Педагогикалық қарым-қатынас
– коммуникацияны орнату, дамыту, 
ұйымдастыруға бағытталған ортақ іс-әрекеттің мақсаты мен мазмұнына 
байланысты туындайтын педагог пен оқушы арасындағы өзара түсіну және 
өзара әсер ету процесі. 
Педагогикалық іс-әрекеттегі қарым-қатынас – бұл оқу міндеттерін шешу 
құралы, оқу процесін әлуметтік-психологиялық қамтамасыз ету; оқыту мен 
тәрбиенің тиімділігіне әсер ететін педагог пен балалардың өзара қарым-
қатынасын ұйымдастыру. 
Қарым-қатынас – топ не ұжым мүшелері арасындағы өзара байланыс 
жүйесі; адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс 
орнататын күрделі процесс. 
Педагогикалық басқару әдістері көзделген мақсаттарға жету және басқару 
қызметтерін іске асыру құралдары ретінде қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   383   384   385   386   387   388   389   390   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет