алқалық басшылық – басшы өз қарамағындағылардан жұмысқа
қатысты мәселелерді шешуге, шешім қабылдауға қатысуға рұқсат береді;
4) жетістікке бағытталған басшылық –
басшы
өзінің
қарамағындағылардың алдына үлкен мақсат қояды, олардың белсенділігін
ынталандырады, жоғары деңгейдегі шешім қабылдау қажеттілігін басып
айтады.
G.K.Kangi өз зерттеуінде білім сапасына жетуде көшбасшылықты
басқаша анықтайды (84-сурет).
Білім беру мекемелерінде білім сапасын жақсартуда мекеме басшысының
білімі, басқару стилі айтарлықтай рөл атқарады.
Білім сапасы менеджмент жүйесінде мекеме басшысының рөлі
көшбасшылыққа дейін көтерілуі тиіс, себебі өндірілетін өнім, меңгерілетін
білім әлемдік бәсекелестікке дейін төтеп бере алуы қажет.
П.Паскарелл мен М.Фрогманның пікірінше, «Менеджер өртті сөндірсе, ал
көшбасшы керісінше идеялар туындауға түрткі болады». Егер көп