демократизациялау және гуманизациялау. Бұл басшылардың,
мұғалімдердің, оқушылар мен олардың ата-аналарының өзіндік іс-әрекеттері
мен ынтасының дамуына жол ашады. Ал бұлардың орындалуы пікір алмасу
және басқару шешімдерінің қабылдануына байланысты жариялылықты қажет
етеді.
Орталықтандыру мен дербестендіруді саналы түрде үйлестіру. Бұл
принципті ұстанудағы мақсат – біртұтас педагогикалық процесті басқару
барысында субъективизм мен әміршілдікке жол бермеу. Орталықты басқару
мен өзіндік басқаруды оңтайлы үйлестіру әкімшілік және қоғамдық органдар
басшыларының іс-әрекетін мектептің бүкіл ұжымы мүддесіне орай жүргізілуін
қамтамасыз етеді; басқару шешімдерін талқылау және қабылдауды, кәсіби
деңгейде іске асыруға жағдайлар жасайды; жүйедегі барша құрылымдық
бөлімдерді өз жұмыстарында бірін-бірі қайталаудан құтқарып, әрекеттерін
жоғары деңгейде орайластырып баруға мүмкіндік береді.