К. Д. Бузаубакова


Сурет-14. Педагогикалык менеджменттің ұстанымдары



Pdf көрінісі
бет66/474
Дата16.02.2022
өлшемі7,89 Mb.
#132119
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   474
Байланысты:
Bilim Beru Menedjment

 
Сурет-14. Педагогикалык менеджменттің ұстанымдары 
Бұл қағидалар педагогикалық менеджментте бірқатар нақты талаптар 
қояды. 
Олар: 
-
 
адамның жеке басының беделін құрметтеу, адамның құқығы мен 
мүмкіндіктерін мойындау; 
-
 
адамға сену, оның өзін-өзі тануы және мүмкіндіктерін ашып көрсету 
үшін жағдай жасау; 
-
 
өзара құрмет негізінде сенім ахуалын қалыптастыру; 
-
 
бастамашылдықты, шығармашылық бейімділікті, ұжымда өз орнын 
таба білуді қалыптастыру; 
-
 
жетістікті, мектептің ісіне әркімнің қосқан жеке үлесін мадақтау; 
-
 
адамға құрмет және сенім – басқарудағы ізгіліктің ең жоғары көрінісі
( 15-сурет). 
Адамдарға тұлға ретінде қарау қағидасында педагогикалық менеджментті 
немесе менеджерді, демек, педагогикалық ұжымның әр мүшесін жай ғана 
қызметкер, мұғалім деп емес, оны бүкіл қызмет кезеңіндегі кажеттіліктерімен
мақсаттарымен, бастан кешіретін қобалжуларымен бірге тұлға деп қарастырған 
жөн. Мұғалім де баланы онын үлгерімі тұрғысынан ғана оқушы деп қарамай, 
тұлға ретінде қарастыруы шарт. Тіпті, оны баланың бойындағы барлық нәрсе 
қызықтыруы тиіс: оның оқуы, дамуы, қызығушылығы, қоршаған ортасы,
отбасы жағдайы, тұрмысы және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет