И қазақ тіл білш інің антологиясы с. Исаев Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет153/167
Дата25.02.2022
өлшемі10,59 Mb.
#133346
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   167
Байланысты:
И аза тіл білш іні антологиясы с. Исаев азіргі аза тілінде

«етістіктің түбірі - бұирық,
райдың жекеше екінші жағы» 
деп анықталады.
«Бұйрық мағына түбір етістіктің өзінде берілген, сондықтан 
бұйрықтың қай жаққа қатысын білдіру үшін етістікке тек 
жіктік жалғау ғана жалғанады» (О. М. - Қ .Т., 164). «Етістіктің 
морфологиялық белгілері мынадай: ётістіктің түбірі екінші 
жақтық бұйрық райы болады да, оның басқа түрлері оның 
осы формасына қосымшалар қосылу арқылы жасалады. Яғни 
оның морфологиялық категориялары бұйрық райдан өрбіп 
жатады: оқы-р, -йтын, -ғалы, -й, -ған, -ып- -с, -ды, -пты, т.-б. 
(Т. - С, 72). Түбір сөз немесе түбір тұлға деп аталатын тер- 
мин тұрғысынан қарағанда етістіктің басқа сөз таптарынан 
өзіндік ерекшелігі бар. Ол мейлі негізгі — я туынды түбір (біт, 
өкін, өйтіп, өйтпегенде) дара ия күрделі (біліп ал) тұлғаларда 
келгенмен, шақ, рай, т. б. грамматикалық категориялардың ар- 
найы формалары қосылмағанның өзінде сол категориялардың 
белгілі мағыналарында қолданылады. Осы келтірілген әрбір 
етістік 2-жақтың жекеше анайы түрінде қаратыла айтылып (сен 
оны біліп ал), бұйрық рай, келер шақ мәнін білдіреді. Былай-
ша айтқанда, бұл грамматикалық мағыналар етістік түоіріне 
тән қасиеттен деп саналады» (X. - ЕЛГЕ, 35). Демек, 2-жақ 
бұйрықтық (оған қоса келер шақтық) мағына етістік түбіріне 
тән болып, етістіктің түбірі деген ұғым (сонымен қоса тұлғасы 
да) етістіктің 2-жақ бұйрық рай деген ұғымымен (сонымен қоса
тұлғасы да) бір болып белгіленеді.
Етістік түбірін бұлай айқындау туыстас тілдердің граммати- 
каларынан да байқалады. Қарақалпақ тілінің грамматикасын- 
да «Фейилер (етістіктер - И. С.) тийкар (негізгі - И. С.) түбір 
яки дөненди (туынды - И. С.) түбір формасында тұрып, хеш 
қандай грамматикалық морфемаларды қабыл етпей-ақ бет (жақ
- И. С), мейил (рай - И. С.) хәм мәхәл (шақ - И. С.) мәнилерин 
билдира алады: кел-ёкинши бет, бұйрық мейил, келер мәхәл 
(2-жақ, бұйрық рай, келер шақ)» - делініп, «түбір етістіктер де
152


бұйрық рай болып табылады», - деп анықталады. (ХҚТ, 115, 
176). Қырғыз тілінің грамматикасында да екінші жақ бұйрық 
райы ешбір қосымшасыз келіп, етістіктің негізіне тура келеді 
де, бұйрық райдың бірінші және үшінші жақ формаларының 
жалғануы үшін морфологиялық негіз болып есептеледі», — деп 
көрсетілген (Д. К. - АКТ, 160). Бірден ескертетін жайт - егер 
бұйрық райдың 2-жақ формасы бірінші және үшінші жақ 
түлғаларын жасауға негіз түлға болса, онда ол (2-жақ) бұл пара- 
дигма жүйесіне кірмеуі керек, яғни бір грамматикалық түрлену 
жүйесінін түрлері, бір жағынан, бір-бірінен функциялық, 
мағыналық, тұлғалық сияқты өзіндік ерекшеліктері арқылы 
ажырайтын, бір-бірімен тең дәрежедегі тілдік құбылыс болып 
саналады.
Олай болса бір үғымды, яғни етістіктің белгілі бір түлғадағы 
грамматикалық мағынасын және оны бі лдіретін грамматикалық 
формасын бірде етістіктің түбір тұлғасы деп, екінші бірде 
бұйрық райдың жекеше, анайы екінші жақ түлғасы деп екі түрлі 
атаудың қаншалықты қажеттігі бар? Біріншіден, бүл екеуі бір 
ғана грамматикалық қүбылыс болса, оны бір-ақ түрінде ғана 
атау керек. Екіншіден, бүйрықтық, жақтық (екінші, анайы) 
мағына етістік түбірдің маңдайына біткен, соған тән мағына 
болса, онда ол тұлға етістіктің белгілі бір грамматикалық 
категориясының (райдың) бір грамматикалық түрі, көрінісі 
(бұйрық рай) бола алмас еді. Етістіктің түбірі білдіретін жалпы 
грамматикалық мағына етістіктің барлық басқа тұлғаларында 
сақталып тұратын қимылды білдіру мағынасы да, ал 2-жақтық 
бұйрыктық мағына - етістіктің белгілі сөздермен (сен деген ба- 
стауышпен) сөйлемде белгілі (жақтық, жекешелік, бұйрықтық) 
қарым-қатынасқа түсудің және соның негізінде белгілі тұлғада 
жұмсалудың нәтижесінде пайда болатын мағына. Яғни бірінші 
мағына-толық мәнді сөз болғандықтан лексикалық мағынаның 
жалпылануы (жалпы грамматикалық) негізінде (сөз табы 
ретінде) қалыптасқан, түбірге тән қимылды білдіру - жалпы
153


грамматикалық
сөйлеу процесінде пайда
Мысалы
тән болса, зат есім түбіріне заттық мағына, сын есім түбіріне 
заттың әр түрлі сынын, сапалық, қатыстық белгісін, түсін, т. б. 
мағыналарды білдіру тән болып келеді. Ал сырт түлғасы 
жағынан зат есімнің түбір түлғасына үқсас, бірақ мағынасы 
бөлек тура объектіні, бағыттық, предикаттық, қатыстық, т. б. 
мәнді білдіретін мына зат есімдер бір түлғада емес екені 
түсінікті болса керек: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет