И қазақ тіл білш інің антологиясы с. Исаев Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар Павлодар 2010


Бала кітап оқып отыр. Үйге бала жігіт кіріп келді. Әцгіме



Pdf көрінісі
бет64/167
Дата25.02.2022
өлшемі10,59 Mb.
#133346
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   167
Байланысты:
И аза тіл білш іні антологиясы с. Исаев азіргі аза тілінде

Бала кітап оқып отыр. Үйге бала жігіт кіріп келді. Әцгіме
бала жөнінде болып кетті. Бүл кешегі көрген бала. 
Осы
берілген 4 сөйлемдегі бала сөздері грамматикаларымызда атау
септік, түлғасы деп беріліп жүр. Бүл дүрыс емес. Тек бірінші 
сөйлемдегі бала сөзі атау септік түлғада түр, өзі 3-жақтағы сөз 
болған соң, баяндауышпен сол жақта қиысып қолданылған. 
Ал 2-сөйлемдегі бала атау септікте емес, түбір түлғада келіп, 
анықтауыш қызметінде жүмсалған. 3-сөйлемде ілік септік түсіп 
қалып, 
жөнінде 
шылауымен тіркесіп, толықтауыш қызметінде
50


I
I
қолданылған, соңғы сөйлемде бала - үшінші жақ жіктік 
жалғаудың нольдік формасында түрып, баяндауыш қызметін 
атқарып түр. Атау септіктің ерекше қызметі зат есімнен басқа 
сөз таптарының осы түлғада жүмсалуынан да анық байқалады. 
Септік жалғауы басқа сөз таптарына жалғанғанда, оларды 
субстантивтендіріп, заттандырып жібереді. Осы қасиет атау
Жақсы
түиені де
көрмес дегенде жақсы, көрмес сөздері атау септік түлғада 
түрып, бастауыш қызметінде жүмсалғандықтан, бүл жерде 
сын есім, есімшеден гөрі зат есім мәнінде қолданылған. Міне 
сондықтан да грамматикаларда көрсетіліп жүрген: «кейбір 
септеулік шылаулар атау септікті сөзбен тіркеседі» деген пікір 
дәлелденбей, жеңіл-желпі айта салынған дүрыс емес. Олардың 
кейбірі бір кезде басқа септік формасында түрған: үшін, жайын- 
да, жөнінде, т. б. көне кезде ілік септікті сөзбен тіркескен. Оны, 
біріншіден, соңғы екі сөз қүрамында тәуелдік жалғаудың 3-жақ 
көрсеткішінің сақталуы (жай-ы-нда, жөні-нде), екіншіден, көне 
жазбаларда, ауыз әдебиет нүсқаларында үшін шылауының 
есімдіктермен тіркескенде, ілік септікпен байланысып түруы 
дәлелдей түседі: оның үшін, менің үшін, сенің үшін, т. б. Ал 
арқылы, туралы, сайын, т. б. септеуліктері де белгілі формамен 
тіркескен болу керек, қазір оларды айқындау қиын. Сондықтан 
олар тіркескен сөздің түлғасьш атау септік демей, сөз түбірі де- 
ген дүрыс болады.
Демек, атау септіктің өз алдына дербес грамматикалық
түлғасы болмаса да, оның білдіретін түбір түлғадан басқа
грамматикалық мағынасы мен атқаратын қызметі бар.
Сондықтан оны да (атау септікті) нольдік түлғаның шеңберінде 
қарау керек.
ік форма - парадигмалық түрлену жүйесінің 
бір түрі болып табылатын, сондықтан сол түрлену жүйесінің 
синтаксистік сөз байланыстырушы қызметін толық атқаратын 
форма, бірақ осы мәндер мен қызметті тікелей көрсететін ар-
51


найы формасы жоқ түлға және осы қасиеттері арқылы бір 
грамматикалық категорияның басқа да формасы бар түрлеріне 
қарама-қайшы, әрі онымен бірлікте болып, бір бүтін қүрайды. 
Белгілі бір белгілер жүйесінде бірдей белгінің болмауынын өзі 
белгі болып есептеледі. Мысалы, 3 шар алып, оның біреуіне —
белгісін, екіншісіне X белгісін салып, үшіншісіне ешбір белгі 
салмасақ, сол шарларды ажыратуда белгінің болмауының өзі
белгі болып табылады.
Нольдік форма парадигмалық сипаты бар грамматикалық
түрлену жүйесінде, түлғалары, сөз байланыстырушы сипаттағы
таза грамматикалық категория шеңберінде гана болады.
Нольдік форманың ерекшеліктері де, басқа үқсас түлғалардан
айырым белгісі де сол жүйенің аясында, сол парадигмалық
жүйенің басқа түрлерімен, бір жағынан, қарама-қайшьшықта,
екінші жағынан, бірлікте түруы арқылы айқындалады. Бүл —
бір ерекшелігі. Екіншіден, нольдік форма сөз байланыстырушы
түлғалар (жалғаулар) жүйесінде ғана болып, өмір сүре алады,
өйткені нольдік форманың шын мәнінде ғрамматикалық фор-
ма ретінде тілде өмір сүруі тек бір грамматикалық магынаны
білдірумен ғана емес, сонымен бірге ол түлғаның синтаксистік
қызметімен, сөздерді байланыстыруынан айқындалып көрінеді.
Грамматикалық магынаның формасыз берілуі, оның бар болуы
оның байланыс қызметінен көрініп отырады, яғни нольдік фор-
маны сақтайтын бірден-бір тілдік фактілер - оның сөз байла-
ныстырушы қасиеті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет