Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е


II БӚЛІМ ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ



Pdf көрінісі
бет12/104
Дата26.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#133430
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   104
Байланысты:
Rustemov okulik

II БӚЛІМ ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ 
НЕГІЗДЕРІ 
1 тарау. ХАЛЫҚ АУЬІЗ ӘДЕБИЕТІ 
Балалар фольклоры. 
Балалар фольклорына аясына не 
жатады? Балалар фольклоры ұғымына ауыз әдебиеті 
үлгілерінің кӛптеген жанрлары мен жанрлық түрлері 
жатады. Олардың ішінде қара сӛз түріндегі шығармалар мен 
ӛлең-жырлар бар. Демек, балалар фольклоры қара сӛз 
түріндегі шығармалар мен үлкенді-кішілі ӛлең-жырларды 
қамтиды. Қара сӛз түріндегі шығармалар балаларға 
арналған ертегілер, аңыздар, әңгімелер, мысалдар саналады. 
«Хайуанат жайында балалар үшін айтылатын қазақ 
ертегісінің бір алуаны «Күшік пен мысық», «Қотыр торғай» 
сияқты кішкене жануарлар жайындағы ертегілер. Ақылсыз 
күшік, айлакер мысық балаға әр жәндікті әр кейіпте 
танытумен бірге күлкі, кӛңілді, баланың ӛз мінезіндей 
ойнақы күйде әңгімеленеді. «Қотыр торғай» ертегісінде 
әңгімелік құрылыс жағынан қызық айтылатын ерекше түр 
бар. [...] Құрылыс ерекшелігінен басқа, балаға арналған бұл 
ертегіде сол баланың ӛз мінезінің шағымпаздығын әзіл 
еткен мағына да бар. «Құйыршық» ертегісінде де 
сондайлық, бала мінезінің тынымсыз, мазасыз тыпырлаған 
қалпын кейіптеу бар. Ойнақы тынымсыз баланы тынымсыз 
ешкінің үнемі жыбырлап, тыным бермей тұратын 
құйыршығымен салыстырып әзіл ету бар»- деген(6,25) 
М.Әуезов пікірін еске алсақ жеткілікті. 
Балалар фольклорының арнайы сала болып бӛліну 
себебі, оның ӛзіне тән кӛптеген ерекшеліктерінің болуында. 
Ол ерекшеліктер К.Ісләмжанұлының балалар фольклорына 
берген анықтамасынан кӛрінеді: «...балалар фольклоры - 
балалар 
психологиясын, 
кӛркемдік 
талғамын, 
шығармашылық мүмкіндіктерін танытатын халықтың 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


36 
ғасырлар бойы жасаған асыл мұрасы. Ол ӛзінің бала 
қабілетіне лайықтылығымен, логикалық жүйелілігімен, 
тілінің нәрлілігімен, ақ пен қараның жігін айқын ажыратқан 
тәрбиелік 
маңыздылығымен, 
эстетикалық 
талғамдылығымен бағалы»(50,12). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет